Өзім жайында
блог
«Өзге емес, өзім айтам өз жайымды,
Жүрегім жалын атқан сөз дайында.
Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді
Тербетіп, тулатып бір қозғайын да…» - деп, Қасым Аманжолов ағамыз айтып кеткендей, ең алғашқы жазуымды өзімді таныстырудан жөн көрдім.
Құрметті massaget.kz сайтының оқырмандарына, жалынды сәлем! Қазақ жеріміздің киелі Қарағанды облысының тумасымын. Нұра ауданы, Киевка кентінде тұрып, өсіп келемін. Киевка №3 орта мектебін бітіріп, Қарағанды мемлекеттік университетнің студенті атандым.
Бастауыш сыныпта оқыған кезде домбыра үйірмесіне қатыстым. Кәзір домбыра ойнауды ұмытып қалыппын, бірақ домбыра ойнауды қайта үйренгім келіп жүр. Мүмкіндік болып жатса міндетті түрде үйренемін. Және фортопиано музыкалық аспабында үйренуге құлшынысым бар. Мектеп кезімде биге де қатыстым, мәдениет үйінде «Жадыра» би тобына қатыстым. Биге қатысып жүргенде түрлі концерттерде сахнада өнер көрсетіп жүрдік, сахнадағы сезімді ешқашан ұмытпаймын. Кәзіргі кезде, бос уақытымда кино көруді, кітап оқығанды және достармен кездескенді өте ұнатамын. Жаныма жақын адаммен сөйлескенді ұнатамын, шынымен бір демалып қалғандай боламын. Жаны, жүзі ашық адамдармен араласпай тұра алмаймын. Еңбекқор адамдар шабыттандырып тұрады. Шын махаббатқа сенемін. Адамның өзінің өмір серігімен байланысы барына сенемін. Жалпы әлем махаббатқа толы болғаның қалаймын: адамдардың бір-біріне, табиғатқа, өнерге, өмірге деген махаббаты мол болсын.
Менің мақсаттарым, армандарым көп, ең бастысы – еліміздің лайықты, адал азаматы болу.
Сіздерге рухани байлық, зор ден-саулық, махаббат тілеймін. Армандарыңыз орындалай берсін!