Өзім жайлы (байқау)

Сәлем барша оқырмандар! Менің аты-жөнім Бейсенқожа Фарида Төлегенқызы.Менің өмірлік ұстанымым -" Шешілмейтін түйін, алынбайтын қамал жоқ".  

Мен осы ұстаным арқылы өзімді тәрбиелеймін. Және  де менің ерекше жақсы көретін, еліктейтін, сол кісіге қарап бой түзейтін тұлғам Қазақстанның жарық жұлдызы, әнші,актриса, тележүргізуші - Айгүл Иманбаева. Айгүл ханым мен үшін ең керемет жан. Айгүл апайымның бойындағы қасиеттерді өз бойымнан көп іздеймін. Айгул апай секілді сегіз қырлы, бір сырлы болғым келеді. Сол кісі сияқты өнер адамы болғым келгендіктен менің хоббиім ән айту және де домбыра тарту болып табылады. Ал бос уақытыма келетін болсақ мен алтындай уақытымды ән тындау мен поэзия, проза оқуға жұмсаймын. Алдыма үлкен мақсат қойғандықтан мен осы  байқауға қатысуға бел будым. Осы байқау арқылы мен мақсатымды, арманымды орындаймын, өнерімді шыңдаймын. Ал алдағы уақытта Массагет сайтында көптеген арманыңа қол жеткізерлік байқаулар көп болса деймін. Мысалы "Менің арманым" дегендей жарыс ұйымдастырғанын қалаймын. Оқығандарыңызға көп рахмет!!! Қатысушыларға сәттілік. "Парасат" тобы Алға. 



Бөлісу: