Өзім жайлы....

Өзім жайлы...... Алдымен мен өзіме мынадай сұрақтар қойдым :

             1.Мен кіммін ?

             2.Кім боламын?  

             3.Өмірдегі орным қандай?

Мен жалпы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Күршім ауданында алғаш шыр етіп дүниеге келіп,кіндігім кесілген жер. "Туған жерге туың тік " демей ме ? Туған жер қашанда ыстық көзге жылы көрініп ,əрқашан жүректе тұрады екен. Сөйтіп жылдар жылжып ,күндер өтіп есейіп ,ой өсіп қалған шақ тұғын. Жалпы бір Отан Қазақстан болғанмен өз туған жерімді қатты жақсы көремін. Оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес шығар сірə... Эх шіркін тауы, тасы ,құмы,баяу есіп тұратын тау самалы,шөліркегенде шөліңді қандырар бал шəрбəт суы бəрі-бəрі керемет қой. Жалпы мен таулықпын !

Tay дейтін алып жүрек Ана туған .

Мен таулықпын!

Таудан мен жаратылғам.

Киіктің сүтін еміп ержеткенмін,

Қуат алып қыранның қанатынан.

Мен таулықпын!

Таудан мен жаратылғам!-деген Мұқағали Мақатаевтың өлең жолдары есіме түседі. Күндердің бір күнінде туған жерден алыстап ат басын "Ару қала -Алматыға "бұрып арман қуып Əл -Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің "биология жəне биотехнология "мамандығы бойынша 1ші курс студенті атандым. Балалық арман тіптен басқа болған. Мен əнші де ,журналист те,ұстаз да болғым келген, бірақ өмірдегі бір қателігім дейін бе? жоқ, мүмкін тағдыр ма? мен басқа жолды таңдадым. Үйдегілер мен ұстаздар әдебиет тілін таңдап ұстаз бол, не журналист бол деп еді...... Алайда мендік жүрек басқа деп соқты. Мен медицинаны таңдадым. Бірақ медицинаға баллым жетпегендіктен арманым сағым боп бұлдырап көзден ғайып болды. Жарайды оны да қойдық. Енді мен кім боламын ? Əр адамның алға қойған мақсаты тұлға боп қалыптасу деп топшылаймын. Өзімнің туа біткен қабілетім қара өлеңнің қас шебері болмасам да екі сөздің басын құрап ,ұйқастырып жіберетін өнерім бар еді. Дегенмен сол өнерімнен бір күні мақұрым болып,Алланың берген сыйын тəрк етем бе деп қорқамын.Осы өзім жайлы шағын эссемді өлеңмен сабақтастырып кеткім келіп тұр.

Өтіп жатыр күндерім таң атумен,

Ұласып мақпалдайын қара түнмен.

Алысқа шырқап барып тосыламын,

Жер сипап өткендейін қанатыммен.

Армандаймын арман болар бəрінде сірə шіркін!

Армандаймын асқақтап дүркін-дүркін.

Алайда бос қиялдан пайда жоқ қой,

Жетермін-ақ арманға мен де бір күн.

Жыр жазсам тағы дағы тосыламын,

Есіме түсіп кетсе тосыннан кім .

Кей кезде дамыл таппай жосыламын,

Шабытымның жалынынан тасып бəлкім.

Сол күндер,сол сағаттар,сол минуттар,

Алдыда тұр қанша əлі қиындықтар?

Сый күтемін тағдырымнан үмітпенен,

Алламнан келер қанша бұйырықтар ?

 

 

 

P/s: Талапбекқызы Мария. Армандарыңыз асқақ ,мақсаттарыңыз айқын болсын! 



Бөлісу: