Өзгеріс...
блог
Кез келген дүние уақыт ағымымен шырқау шегіне шығып, ақырына жетіп, түбінде біржола жоғалады. Бұл әлемдегі бар тіршіліктің айналу циклі осы қағидаға сиып жатыр. Адамдар заман өзгерді дейді, бірақ, олай емес. Заман адамдарды өзгертіп жатыр. Мәңгілік іздеумен шаршаған академик, доқтор шалдар, өлместі іздеген миллярдтаған Қорқыттар. Бәрі тіршілікпен өмір бақи бірге болуды қалайды. Соның жауабын таба алмай шатасқан формулалар, алжасқан милар, күрмелген пәлсапалық тұжырымдар, қаптаған қалың дін жолдары. Осының бәрі сенің сезіміңді ояту үшін жанталасқан менің ішкі жан дүнием секілді. Кейде осы көрініс көз алдымда қатып қалады. Дегенмен, мен дәл осы қалпымда жүре берсем құрып тынам. Осы бір азаптан құтылу үшін мен жан мен тәннің программасын өшіріп, жаңа бағдарлама енгізуім қажет. Денемдегі вирустардан құтылу керек. Мен дәл қазір осы ойдың арнасына бағыт бұрдым. Тоқсан тоғыз тарау ойдың тобықтай түйіні - өзгеріс. Өмір өзгеріссіз болмайды. Бағытым алға, бақытым алда деп өзімді сендірдім