Өзге емес,өзім айтам өз жайымда...

Өз ойымды ашық айтуға,көппен сырласып дос,тату болуға осы сайтқа тіркеліп келіп қалдым. Қазағымның арқа сүйер азаматтары мен айдай сұлу қыздары Сәлем! Таныса отырайық,есімім Жанат. Маңғыстау обл. Жаңаөзен қаласының тумасымын. Жаңаөзен-мұнайшылар қаласы,таза ауасы мен жайдары халқы бар. Топырағы құнарлы,киелі өлке.Отбасымда Әкем,Анам Қайыржан Қанат есімді інілеріммен,Жансая есімді сіңілім бар. Мен үйдің тұла бойы тұңғышымын. Бар сенім,үміт бәріде маған артылып отыр.

Кішкентайымнан анам өнерге баулыды. Бірақ Аллахтың берген қасиетіме екен кітаппен достасып,қолыма қалам алып,өмірден түйгендерімді қағаз бетіне түсіріп,кейде мақала,кейде кездері шабытым кеп өлең ретінде жазып отыратыным бар. Қоғамдық жұмыстарға қатысып,белсенді болып қалалық,облыстық сайыстарға қатысып жүлделі орындар мен арнайы мақтау грамоталар алдым. 11-сыныпқа келіп,бүкіл жинаған білімімді додаға салып,ҰБТ-ға кіріп өзім ойлағандай балл жинап шықтым.

7-сыныптан бері арманым Алатаудың етегінде орналасқан,өнер ордасы Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультететіне оқуға түсу арманым болды. Ол арманым орындалды да,26-маусым күні Алматыға бет алдым. Ең бірінші Алатаудың мұз басқан шыңдарын көріп,содан кейін талай шәкіртті білім нәрімен сусындатып,түлеткен университетіме келдім. Емтихандарына қатысып,жоғарғы балл жинап грантқа үміткер болдым. Бірақ Әкетайым мен Анашымның "ертеңіңді ойла,қыз бала қонақ,барған жерің сені қиындығы мен қызығы көп жұмысқа жіберіп қоя ма соны ойла"-деген сөздеріне бола филология мамандығына ауыстым.Журналист болу бала күнгі  арманым,әрине қимастық болды.

Осылайша грантқа үміткер болып,4 қала мен 4 универститет жаздым. 11-тамыз күні грант тізімі шығып,ішінен өз есімімді таппай әлек болдым. Грантқа түспей қалдым. Енді ата-анама жүк болдымау,ҚазҰУ-нің бір жылдық ақшасы 600,000 мыңнан асады. Әке жүрегі асқар тау ғой оқытамын деді. Бір күні вконтакте желісінде отырғанымда өзімнің кішкентайымнан бірге өскен досым Дәулет "менімен Оралға жүр,бірге оқимыз,бір-бірімізге тіреу боламыз,Алматы үлкен қала онда жалғыз не істейсің"-деген сөзіне еріп,оның қолынан ұстап кете бердім.

Осылайша Жәңгір билік орнатқан,Мәншүктің даласы, Жайықпен сырласып,талай өлеңдер туғызған Қадырдың жері, Ақұштаптай қыздары бар,жап-жасыл желекке оранған Орал қаласындағы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің Филология факультетінің филология қазақ тілі мамандығының 1-курс студенті атандым. Қазірде университетте білім мен қатар,әртүрлі жобаларға қатысып,жатақхана өміріне араласудамын. Бос уақытымда ән тыңдап, достарыммен серуендеп,тамақ дайындағанды және адамға рухани қазына беретін ұлы тұлғалардың ұлы шығармаларын оқығанды ұнатамын. Т.Әбдіковтың "Оң қол", Танакөз Толқынқызының "Сағынып жүрмін" кітаптары ұнайды. Менің болашақта жазар туындаларым өте көп,бұйыртса! Ендеше келесіде жазар жазбаларымды күтіңіздер,бүгінге осы! 



Бөлісу: