Өзге емес, өзім айтам өз жайымда

"Өзге емес, өзім айтам өз жайымда"

Менің толық аты-жөнім: Игенова Зарина! Сәкен Сейфуллин сынды ұлы тұлғаларымыз дүниеге келген Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Қызылжар ауылының тумасымын. 2008 жылы алғаш мектеп табалдырығын аттадым. Бүгінде "Қызылжар ЖОББ мектебінің" ұшқалы отырған түлегімін. Таңдап отырған мамандығым: журналистика. Бұл сала балалық шақтан бастау алған арманымның бастауы еді.  Енді міне, аңсап күткен күнге де жетуге кішкене уақыттар қалды. Төртінші билік өкілі болу үшін де, басқалардай білім мен тәжірбие керек екені айтпаса да белгілі. Бұл мамандыққа күн сайын өзімді жетелеп, бойымды үйретіп жүргенім рас. 6-7 сыныптарда бастау алып, өзімді қолға алдым. Алғаш сахнаға "Мен қазақпын" деген көркем өлеңмен шымылдығын аштым. Шамамен 4,5 жасымда сахна төрінде өнерімді халыққа көрсеттім. Бүгінде сол жетістіктерім күн сайын сатылану үстінде. Аудан төңірегінде бастау алып, алып шаһар Алматыда өз жалғасын табуда. Күні кеше жастар жылында "Қазақстан ҮЗДІГІ" төсбелгісін иелендім. Бақ шауып, түрлі байқаулардан алғашқы орынмен марапатталып жүрмін. Бұл жетістіктің барлығы жаратушы жаратқанның және жаныма жақын жанашырларымның қолдауының арқасында деп білемін! 



Бөлісу: