Осы жазда асхана ханшайымы боламын! (байқау)

Осы жазда асхана ханшайымы боламын! (байқау)
жеке
блог

Міне, жазғы демалыс басталды. Әркім өз демалысына жоспар құруда. Мен де демалысымдағы алға қойған мақсаттарыммен сіздермен бөліспекшімін:

1. Үнді тағамы "джалеби" әзірлеп үйрену. Себебі үнді халықтарының асханасы Қазақстанда үлкен танымдылыққа ие. Соның ішінде джалеби кішкентай балаларға да, үлкендерге де ұнары сөзсіз. Тәттілігімен қатар қытырлағымен сіздердің дастархандарыңыздан табылары анық!

 

2. Түп-тамыры Түрік елінен бастау алатын "пахлава" және оның жағажайға арналған таптырмас түрі. Түрік асханасы әлемге әйгілілердің бірі. Негізінен, өзінің алуан түрлілігі мен ежелден келе жатқандығына байланысты. Егер біз пахлаваны әр елден іздесек, әлемнің бестен бір бөлігі сүйіп жейтінің көреміз. Сонын бірі Қырым жағалауында әзірленетін, пахлаваның жағажайға арналған түрі. Сізде сол пахлаваны жасап көруіңізге болады!

 

3. Сонау жапондардың тағамы "суши" дайындаудын жеңіл жолы. Бәрімізге белгілі, жапондардың ұлттық тағамдары - қышқыл дәмді, ащы тұздық қосқан, балық пен көкөністерден дайындалады. Олардың бірі - "суши". Ал, сушидың қарапайым түрі "маки" деп аталады. Сіздің де жапон асханасынан дәм татуларыңызға болады!

4. Пиццаны 10 мин ішінде табаға пісіріп үйрену. Сіздер пиццаны тек пешке(духовка) пісіруге болады деп ойласыңыз қателесесіз, оны қарапайым табаға да пісіруге болады екен. Италия асханасынаң дәм татып, пиццаны табаға қалай пісіруді үйренгіңіз келсе, бізбен бірге болыңыз!

5. Салқын көженің қарапайым рецебі. Жаз мезгілі. Шіліңгір шілде айы да келіп қалды. Осы уақытта біраз салқындап алғыңыз келсе, әрі тез жасағыңыз келсе сізге осы рецеп көмектеседі. Сіздің де ойыңыздан шығады деген үміттемін!

6. Құймақтың ерекше түрі. Әдетте құймақ не тегістеу болады. Мен ерекше рецеп таптым. Енді соларды сіздермен бөлісудің реті келіп тұр.

7. Бестік шәйға арналған тіскебасар дайындап үйрену. Кей кездері бестік шәйға ерекше бірдене жегіңіз келіп тұрады. Осы орайда мен сізге көмектесе алатын сияқтымын.

Мен жазғы демалысымды үйде өткізетіндіктен ас әзірлеп үйренуді қолға алмақшымын. Анашыма қолғабыс етіп, пайдалы іспен айналыспақшымын. Ол үшін ең алдымен тағамдардын рецебін тауып алу қажет. Оларды аспаздық кітаптардан, газет-журналдардан, интернет беттерінен іздеп, сондай-ақ анамныңда көмегіне сүйенемін. Мен үшін жекелей және топтық жеңістің маңызы зор. "Бірлік бар жерде, тірлік бар" дегендей, жұмылған жұдырықтай бірлессек біз алмайтын асу жоқ. Басы сәтті басталса, аяғы жеңіске толы болары анық. Байқаудан күтер нәтижем нақты және әділ болады деген ойдамын. Ендеше іске сәт достар! Массагетте бізбен бірге болыңыздар!