Өмірлік күрес жолында

                                                                 Өз сырым...

                                               Адам өзімен күресу және өзін тану

     Адамзат баласы кейбір өмірдің қатал тұстарына аса жауапкершілікпен қарай алмай,түрлі оқыс оқиғалардың кейіпкері болып жатады.Міне осы дертке ем болатын нәрсе ол-имандылық пен Аллахқа деген шексіз сенімділік болып табылады.Алайда сөзбен айту оңай болғанымен іс жүзіне келтіру қиынырақ.Осыған байланысты мен өзімнің басымнан өткен оқиғалардан сыр шертемін...

     Алдымен адамзат баласы қиын сәтте еш нәрсеге мойымастан өзіне деген сенімін жоғалтпау керек.Мен қиын сәтте Аллахқа сенім артуды естен шығарған емеспін.Сол жылы көктем әлі есімнен кетер емес.Өзім істеп жүрген істерім ешқашанда ұнаған емес.Бірақ шыдам танытқаныммен талай жаман істер қаныма сіңіп кеткен тұғын.Не жағдай болса да өзгелердің мүддесі үшін іштей мәжбүрлікпен істедім.Бұл қателік болғанымен соңынан түзей алдым.Осы мен үшін үлкен жеңіс деп білемін.Елге күлкі болғанымменен оларға жағу үшін ештеме жасаудың қажеті шамалы,себебі бұл менің өмірім.Ал отбасым болса мені қанша жік санағанымен оларға әрқашан керек  екенімді сездім де,әрмен қарай күресе бердім.Тек қана алға дұрыс мақсат қоя білсек болды.Ендігі арманым мыналар болмақ:

        1.Отбасыммен бірге болып,анашымды өмір бойына аялап өту.

        2.Алдағы уақыттарда тек қана үлкен мәселелермен айналысу(кітаптар оқып,өмірдің қыр-сырымен таныса отырып,жазушы болғым келеді.

        3.Ғалымдармен дөңгелек үстелде жиналыстарда ғылыми мәселелерді талқылау.

        4.Диктор да болуды мақсат тұтамын.Себебі өз талантымды жарыққа шығару.Ең бастысы көп қиыншылықтардан асып түсіп,салихалы өмір құруды ниеттімін.

      Менің қолымнан бәрі де келеді.Тек қана Аллахтан үмітімді үзгім келмейді.Қанша мұңайсамда өзімді бақытты етіп көрсетуге тырысамын да орындаймын.



Бөлісу: