Өмірдің соңғы нүктесі...

Өмірдің соңғы нүктесі...
жеке
блог

Біреуге аз, біреуге көп қамшының сабындай қысқа,ағып өткен өзендей тез, ешкінің құйрығындай шолақ өмірге кімдер келіп,кімдер кетпеді?! Мезгілсіз жеткен ажал кімді "аяып,кімді аямады" ?!Көзіңді ашып жұмғанша,тұтанған қызыл оттай лап кетіп талай пенденің шыбын жанын өмірдің өлім деген сыңары қиып түсірді. Келмесеке кеткен жандардың қадірін көзі,өзі барда бағалай білдік пе?

Біздің мектепте менен 4 жас үлкен,4 жыл алда оқыған Ерасыл есімді озат,сымбатты,өнерлі бала оқыды. Мектеп кезінде де, студенттік өмірде де қоғамдық шараларға белсенді болды. Қатарларының алды, ата-анасының мақтанышы болатын.
Біз төрт жыл араластық. Ойнадық, күлдік қызық күндерді бастан өткердік. Мен 8 - сыныпта, ол 11 - сыныпты Алтын белгімен бітіріп,еліміздегі алдыңғы қатардағы ЖОО грантқа түсіп, кейін мемлекеттің қолдауымен шетелге оқуға кетті. Əр жыл сайын демалыста ауылға келіп, басынан өткізген қызықты əрі қауіпті оқиғаларын айтып беретін. Соңғы кездескенімізде мен Алматыға, ол Ұлыбританияға оқуға кететінімізді айтып,қоштасқан болатынбыз. Жүзі жылы, мейірімді, бар ықыласымен "аман жүр, ауырма, сақ бол, ешқайда асықпа" деп сөзін қысқы қайырған болатын. Арада 3 ай өткеннен кейін оның үйіне суық хабар мезгілсіз кезде асыға келді. Жеңгесі өмірге сəби əкеліп,дүбірлі той болып жатқан еді. Оқу орнындағы төбелестен ол бұл жалғанмен мəңгілікке қоштасты.

Ешкімге ренжімеңіз, ешкімді өкпелетпеңіз мүмкін сіз ол адамды ең соңғы рет көруіңіз болар. Ақ пен қара, қуаныш пен қайғы қатар жүретін өлшеулі өмірде бірімізді бағалай білейік. Жаныңда жүр жақсы жан!