Менің таңдауым -ҚазҰУ.
блог
Менің таңдауым-ҚазҰУ.
Мектепті бітіргеннен кейін маңызды таңдаудың бірі-оқу орнын таңдау.Менің таңдауым «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ»болды. Бала кезімнен әкеме жақын болып өстім. Көп адам «Қолыма қалам ұстауды үйреткен ұстазға алғысым шексіз»-, десе мен әкеме алғыс айтар едім.Себебі:маған жазуды да үйреткен, әріп танып,оқуды да үйреткен -менің әкем.Осы «Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетіне"түсуіме де себепкер болған-әкем.Үйдің жалғыз қызы,еркесі болғандықтан ,ата-анам менің таңдауыма ешқашан қарсы келген емес.Дәл солай мамандық таңдағанда да тек қолдау білдіріп ,ақ батасын берді.Ал мен кішкентай кезімде, осы ҚазҰУ-да оқысам ғой деген арманыма жеттім.
Ендігі мақсат ,осы жоғарғы оқу орнын үздік тәмәмдап, білікті маман атану.Менің таңдауым неге осы ҚазҰУ-ға түсті?-,дейтін болсаңыз,мен тек осы қара шаңырақтан сапалы білім ала алатыныма сенімді болдым .Өйткені, қазіргі таңдағы білікті мамандардың көбі -осы ҚазҰУ-дың түлегі.Сол себепті мен университет таңдаудан қателестім деп ойламаймын. ҚазҰУ-да Қазақстандағы ең,ең,ең деген профессорлар мен докторлар білім береді.Сондай білікті мамандардан білім алу-үлкен бақыт.Қала ішіндегі «Казгуград» қалашығы деп аталып кеткен бұл жерде студенттердің білім алуына, өздерін жан-жақты ашуға барлық мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ, студенттердің көшбасшылық қабілеттерін,қаншалықты белсенді екенін білу,дамыту мақсатында түрлі ұйымдар жұмыс істейді. Оның құрамына «Сұңқар»,«студенттер Сенаты»,«Көмек» еріктілер қозғалысы тағы да баска ұйымдар кіреді.Бір жыл бұрын осындай «Қара шаңырақтың» журналистика факультетінің студенті атандым. Талай түлектің арманына айналған ҚазҰУ-да оқу мүмкіндігі бұйырды.Т.Амандосов, Т.Қожекеев сынды тұлғалар дәріс берген жерде білім нәрімен сусындау мен үшін зор мәртебе.
ҚазҰУ – талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен. ҚазҰУ-болашаққа кішкене болса да септігін тигізетініне сенемін.Сол себепті де, мен өзімнің ҚазҰУ-ға түскенімді мақтан тұтамын. 1934 жылы іргесі қаланған бұл университет, қазіргі таңда алдыңғы қатардағы жоғары оқу орны.
Әзірге әлемді жайлаған індеттің кесірінен,қашықтықта отырып білім алудамыз.Дегенмен,ҚазҰУ-дың білім сапасы қашықтықта оқу жүйесінде де өзгерген емес.Студенттік шақтың қызығы мен шыжығын,әлі сезінбесем де,бір жылдың ішінде көп дүниеге ойым өзгерді.Ендігі кезекте мына індеттен құтылып,оффлайн форматына ауысып,студенттік өмірдің не екенін ұғынсақ деген ниетіміз бар! Алдағы арман ҚазҰУ-дың қабырғаларының иісін иіскеп,табалдырығын тоздырып,білім берушілермен көзбе-көз жүздесіп білім алу!Ал бұл арман орындалатынына біз сенеміз!
Авторлары:Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,журналистика факультеті,баспа ісі мамандығының 2-курс студенттері Сатыбалды Жанерке,Ғазизқызы Аяжан.