Менің өмірімді өзгеркен K-POP туралы

 Сәлеметсіздерме?! Менің есімім Алиева Гүлбаршын. Жасым 13те. Мен бірінші рет блог жазып отырмын. Мен өмірімді өзгерткен К-РОР жайлы жазғым келеді. К-РОР - бұл Оңтүстік Кореялық жанр. Менің кей попер болғаныма жақында 1 жыл болады. Мен осы бір жыл ішінде көп топтармен таныстым және сол топтардың жанкүйері болдым. Олардың қуанышы мен қайғысын бөлістім. Мен қазір EXO TWICE A Pink Blackpink T-ara Girls Generation Gfriend PRISTIN Red VeLveT WJSN деген топтардың жанкүйерімін. Бұл топтардың барлығы талантты әнші рэперлер. Осындай әп-әдемі сүйкімді талантты қыздар мен ұлдарды жамандауға қалай ауыздары барады екен?! Мен К-РОРер болғаныма мақтанамын.
 Барлығы Корея дегенде шаштарын бояған, өздері боянған және сырға таққан қыз-жігіттерді елестетеді. Иә, Кореяда жігіттер шаштарын бояп, сырға тағады. Бірақ олар өз қалауымен тақты деп ойлайсыздар ма? Жоқ, олардың стильдері солай. Бірінші себептерін айтайын. Оларды бір компания дауыстарына қарап, билей алатынына қарап таңдап алады. Олар сол компаниямен келісім шарт жасайды. Ең бірінші олар 5-6 жыл стажер болады. Содан кейін олардан бір топ сахнаға көп дайындықпен шығады. Сосын сол топқа компания менеджер сайлап береді. Сол менеджер оларға қарайды.  Ал сол адамдар өздері қалаған нәрсенің ешқайсысын жасай алмайды. Тек менеджер мен директордың айтқанымен жүреді. Шаштарын да, түрлерін де қалай бояйтынын директор мен стилист шешеді. Олар менеджердің рұқсатынсыз 1 үзім нан да, 1 тамшы су да ішпейді, тіпті, оның рұқсатынсыз дәретханаға да бара алмайды. Олардың өмірі сондай қиын. Ал олар туралы білмейтін адамдар отырып алып жамандай береді. Мен де бұрын шашын бояп алған қыз сияқты дейтінмін. Бірақ, олар туралы білгеннен кейін ойым мүлде өзгерді. Оларды қыз сияқты дейтіндерге айтарым: Адамды сыртқы кейпіне қарап бағаламаңыздар. Суретте атақты Кореялық әнші КАЙ тұр. Оның денесін көріп тұрған боларсыздар?! Оны қалай қыз деп айтуға болады? Міне осы КАЙ есімді айдол менің өмірімді өзгертті. Мен оны қатты жақсы жақсы көремін биасым ретінде. 
 Көңіл бөліп оқығандарыңызға рахмет. Әрине оқығандар болса. Осы сөздерімнен кейін Кореяға деген көзқарастарыңыз өзгереді деп ойлаймын. Егер оқырман көбейіп жатса мен олардың қызықты кинолары туралы жазамын.



Бөлісу: