Менен бір хабар!
жеке
блог
блог
Сəлееем!
Достар, оқырмандар! Қалайсыздар?
Мені сағынып қалдыңыздар ма? Мен сіздерді қаттыыыы сағындым♡♡♡. Күз де келіп, жаңа оқу жылы басталғалы бері ҰБТ-ға дайындықты бастап кеттім. Арасында "шаршап кеттім" деп жылап алатынды шығардым. Бірақ, білемін ғой тесттің соншалықты ауыр дүние емес екенін.))
Арасында оқуға кеткен сүйікті "досымды" сағынып тұрамын. Кейде ойланып отырып бір нəрсені шимайлаймын. Сөзден сөз туады. Айтпағым мынау еді: Достар, мен қайтадан өз бағытымнан адасып кеттім. Жооооооқ, анау айтқан алысқа кетпедім. Сіздерге менің прозаларым ұнай ма, əлде өлеңдерім бе? Жалпы, сіздер мені кім деп танисыздар?
Пікірге жаза кетсеңіздер екен.
P.S. жақында менде жаңа шығарма пайда болды. Алдағы блогта оқи аласыздар! ))