«Менде өнерден басқа жаққа кетуге мүмкіндік болмады» — жас әнші
блог
Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан-дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнердің мақсаты — дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру және соны халыққа жеткізу. Осындай бір өнер иесі, музыкант, дарынды жас — Әділбол Мұратбек өнер жолына қалай келгенін, адамға деген әсерін, жетістіктерімен бөліседі.
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында 1985 жылы 1 желтоқсанда дүниеге келдім. Мектепті сол Мойынқұмда тәмамдадым. Арнаулы орта болашақ гуманитарлық колледжінде Саздық білім беру мамандығы бойынша білім алдым. Өнер келу жолым. Біздің отбасы — «Жанұялық ансамбль» сайысы бойынша облыстық байқауды үш рет жеңіп алған. Қосыбаевтар жанұялық ансамбльінде мен сүт кенжесімін. Әкем де анамда аға бауырлары мен әпкелерім өнер жолында болған соң, менде аса бір таңдау болмады. Бала кезден ән мен күйдің ортасында өскен соң, өнер адамы болуды армандадым, мақсат тұттым. Шу аудандық мәдениет үйінде 2009 жылдан бері жұмыс істеп келемін.
Мектеп кезден «Тараз жұлдыздары», «Жігіт сұлтаны» байқауларына қатысып, жүлделі орындар алып жүрдім. Колледжде оқып жүргенімде «Жас толқын» фестивалінің лауреаты болдым. Орал қаласында өткен Ескендір Хасанғалиев атамыздың «Атамекен» ән байқауында дипломант атандым. Ең үздің жетістігім — 2008 жылы Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық фестивалінің бірінші иегері болдым. «Жаңарған Жамбылым» сынды жарыстарда фестивальдерде лауреат атанған кездерім болды.
17:51 секундтан бастап Әділбол Мұратбектің орындауында «Гүлстан Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар!