Мен, сізбен бір уақытта не істеймін?

Иә, сіздің ойыңыз дұрыс. Сіз бұл посты оқыған кезде мен не істедім, ол не істеді? жылдам салыстыра бастайсыз. Қызық... Неге сіз өзіңізді менімен салыстырасыз, осы сұрақты өзіңізге қойып көрдіңізбе, жоқ дәл қазір ойланып отырсыз. Мен сізбен өзімді салыстыратын ойым жоқ. Тек екеуміз мына жағдайларда ғана бірдейміз.

1) Таңертең тұрып бірінші телефон қараймын, жуынып,киініп таңертеңгі ас бірге ішеміз. (мен 8-30 ішем сен 10-00 де ішесің демей-ақ қояйық. ол ортақ дүние.)
2) Екеуміз әлеуметтік желілерде бірге отырамыз. (мен кірген желіге, сенде кіресің, мен де кіремін. Бір уақытта болмаса да.)
3) Түскі асты бірге ішеміз. қолымыздан смартфон түспей.
4) Көшеде жүреміз. (Қай көше екені маңызды емес.) қызық жерлер болса смартфонмен селфилетіп.
5) Жиындарға барамыз, біреу әңгіме айтып отырғанда смартфон шұқылап отырамыз. 
6) Кешкі тамақ ішеміз, тағыда бүгінгі күннің жаңалықтарын телефонмен көру арқылы. 
7) Ұйықтаймыз. Өтірік әңгіме, ұйықтар алдында 1-2 сағат телефон шұқылап жатамыз. 
Міне достым екеуміз бір уақытта қолымызға тек телефон ұстап отырамыз. мен жазып отырмын, сен оқып отырсың.))



Бөлісу: