Мен оны өлтірдім...

Мен оны өлтірдім...
жеке
блог

Қыс бітіп, көктем мен жаз мезгілінің арасында айналаны тамаша көріністерге орап, дала гүлдерінің әдемісі қызғалдақ өсе бастайды. Қызыл, сары және ақ қызғалдақтар айналаны қызыл түске бояп, көздің жауын алып, жақұттай жарқ етіп көзге бірден түседі.

 Жыл мезгілдері ауысқан сайын қызғалдықтың жерді жарып шыққанын асыға күтемін. Сәуір айының соңғы күндері жылдағыша далаға қызғалдық теруге шықтық. Күн қызарып, ұясына қарай асыға батып барады. Алыстан көзіме өзгеше бір гүл түсті. Түсі өзгеше сияқты. Жүрісімді тездетіп, гүлдің қасына барып, таңданып тұрып қалдым. Түсі қара. Иә,кәдімгі қара түсті қызғалдақ. Әжемнің әңгімесінен қара түсті қызғалдақтың бар екендігін, сирек кездесетінін естігенім бар. Айналып, гүлге ұзақ қарадым. Қара түсті болса да, мені өзіне тартып барады. Жерді қазып, тамырымен қосып жұлып алып, машинаға қарай жүгірдім.

 Үйге келіп, қара гүлді суға салдым. Бірақ, маған мұң шағып, мені неге өлтірдің дейтіндей көрінеді. 

-Жарығым, мен сені өлтірмедім. Бар болғаны суға салдым ғой

- Сені әдемі, өзгелерден бөлек қылып жаратқан. Әсіресе көзіңді. Сол көзіңе біреу ғашық болып, ойып алса қалай болар еді, ойланшы! Сен мені жерден,анамнан айырдың. Тірі болғаным не керек жаратқанның кереметін далада тұрып көрмесем..?

 Сол сәтте ғана ұқтым, мен оны өлтіргенімді...