Мен өмірге қайта келдім
блог
Бұрындары деймін-ау...Осыдан 5-6 ай бұрын. Еті тірі, мақсаты бар, әр күні жоспарланған, оқитыны мен жазатыны жеткілікті, рухы өшпеген, ерік-жігері күшті, басы небір идеяларға толы жан болатынмын. Қалай екенінен хабарым жоқ, әйтеуір, өз жолымнан адасып, мақсатымды жоғалтып алдым. Қаншама уақыт өз-өзімді таппай жүрдім. Істеген ісімде береке болмай, бәрі өнімсіз болды. Жалқаулықтың жеті атасы мойныма әбден орнығып алды. Осылай, 120 күн жүрдім. Түсінесіз бе, 120 күн...? Адамды ортасы бәрібір билейді. Алайда, көп нәрсе сол адамның өзіне байланысты. Энтони Дорр: "Құлап қалсаң, ештеңе етпейді, нағыз масқара - қайта тұрмау", - деген екен. Бастысы, мен ӨЗІМДІ таптым! Адам өмірі бір түп-түзу сызықтан тұратын болса, қызық болмас еді.
Қазір мен 120 күн ұйықтап, енді оянған адам сияқтымын. Айналама қарасам, бәрі әрекет үстінде. Қол-қусырып тұрған ешкім жоқ. Бәрі шама-шарқыларына қарай қимылдауда. Мен өзімнің қай жерден тоқтағанымды жақсы білемін. Енді дәл сол жерден тірлігімді қайта жалғастырамын! Мен өмірге қайта келдім, адамдар! Енді бұрынғай болатын ешнәрсе жоқ!
Барлығы "Рухани жаңғыру" бойынша саналарын жаңғыртып жатыр. Ал, менде ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУ..!