«Сендер,тәуелсіз қазақ елінің білімді жастары, өз соқпақтарыңды салып,оны елді дамытуға бастайтын даңғылға айналдыруға тиіссіңдер!Сендердің білімдерің-сендердің еңбектеріңнің нәтижесі.Бүгінде әр қазақстандық өзді-өзінен елімізге жақсы болып,біздің Отанымыздың дәулеті артуы үшін мен нестедім деп сұрауы керек.Егер әр азамат осылай пайымдайтын болса,бүкіл еліміз өзінің дамуына қарқын қосарына менің сенімім мол»
Нұрсұлтан Назарбаев
Қолыма көк сиялы қалам алдым,
Халқымның барын төгіп жазу үшін!
Қазақпын!Қаным-қазақ қайрап тұрған,
Өжет қып дүлдүл қылған Отан үшін!
Сонау ғасыр желкеніне бас бұрған,
Дархан далам кең неткен қоныс құрған!
Мақтап жырды төкпесем жарамайды,
Сол албаннан қайсар қызбын күліп туған!
Бір үйдің кенжесімін үміт күткен,
Алдымда бір бекет бар өте үлкен!
Сүрінбеймін деймін де жүре берем,
Өзім нұрмын,шуақты алам күннен!
Ол рас«Отаны бірдің жүрегі бір,Жүрегі бірдің тілегі бір».Менімен келіссеңіз,мамандығым туралы айтып берейін.
«Арық сөйлеп,семіз шықсам»жолымның оңғарылғаны.Онда мен бастайын, сіз оқи отырыңыз.
Тоғысқан пікірдей арнада,
Ой қосам жаңа деп жобаға!
Білімде барымды саламын,
Қаламмен қолдағы ортаға!
Өзім туралы мәлімет болсын .1997-жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Жалаңаш ауылында дүние келдім.Мен тұрған жер Алатаудан ары,Торайғырдың түбі болатын.Таңғалмаңыз,тау қызымын.Тауға тән тұлғамның барында жасырмаймын.Бала кезді шала кезді айтып әңгімені созбайын.Бұған кейін тағы тоқталам.Бұзық болғанымды бірден мойындаймын...2014-жылы С.Бейсембетұлы атындағы жалпы білім беретін мектепті бітіріп, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетіне оқуға түстім.Ең қиыны мемлекеттік грант иегері емеспін.Ең жақсысы әйтеуір бітіргенімше бір грантқа ұсынылармын деген үмітпен жүрмін. 1-курстта,яғни балмұздақ боп жүргенімде әрбір сабаққа кіргенде көзім оттай жанып, патриот боп отыратынмын.Сол сезім сөнбеді.Биыл міне көзді ашып-жұмғанша 3-курсқа көштім.Көңіл тоқ.Дегенмен ойлайтын нәрсе көп. Отанымның тәуелсіздігін алға тартып,тәңірге тәубәмді айтам.Жоғары да мамандығым-журналистика екендігін айтып өттім.Сондықтан алдағы істейтін әрекеттерім тікелей тілмен байланысты болмақ. «Отан үшін еңбек етсең,халқыңның сүйген ұлы боласың»-деген. Келешекте өзімді кім деп елестетем?Сабақты ине сәтімен. Аузыма түскен алғашқы сөз жазушы.Ендігі қарастыратын мәселе осы.Толығырақ тоқталайын.Бұл менен мемлекетке не береді?Анығын айтайын. Мен ана тіліміздің ар-абыройын арттырып,ұмытылып бара жатқан қазақтың сөзін қайтарғым келеді. Бәлкім,әрбір ғасырда бір Абай болуы керек шығар. Бұлай жүре берсек,тілімізге тұсау салынып кететіндей көрінеді.Мемлекет үшін міндетті деп ағылшын тіліне ауыстық,ресми деп орысшаға көштік. Елбасының өзі айтты «қазақ-қазақпен қазақша сөйлессін»-деп.Бірақ бұны ескеріп жатқан ешкім жоқ.Айтылмай қалған,ашылмай жатқан әлеуметтік мәселенің ең маңыздысы осы болып тұр.Қоғамдық жағдай ғой қолыма алам,жолын табам деген құрғақ ауыздыларда аз емес.Қазіргі адамдар «сөзден іске көшу керектігін»ұмытқандай боп көрінеді. Сол үшін ешкімнің ойына келмеген ешкім білмеген бірақ бәрін аң-таң қылатын керемет нәрсе ойлап тапқым келеді. Бұл менің қолымнан келеді.Себебі «таңмен таласа тұрғанның талай ісі бітеді»Не болса да хабарын берерсіздер !«Халық — қазы,Еңбек — таразы».
Алыстан алмайын.Мысал айтайын.Біз жалпы группада алпыс студент оқимыз.Шынымды айтайын, соның қырық шақтысы көгілдір экран деп келгендер. Қалған онына диплом керек. Қысқасы әке-көкеге сенгендер.Бесеуі тырысып оқитындар,бесеуі ұрысып оқитындар.Бұл дегенің білім алып жүрген білімгерлерлердің 70%-ының мақсатсыз екендігінің айғағы.Сонда туындайтын сұрақ мынау «Олардың санасын улаған нәрсе не болды екен?Сабаққа сүйретіліп келетінінің сыры неде?Бұл дегенің «Отаным деп сөйлемегеннің оты жанбайды»дегенмен пара-пар келмей ме?
Ой-елегінен өткізіп бұныда екінші мақсат қылып қойдым.Турасы тәртіптерін түзетемін .Тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жүрген кез-келген азаматтың көкірегінде патриоттық сезім ояну керек.Естен шығармауымыз керек «ел бізді елесе-еңбегіміздің жанғаны».Бізге келген құрмет-құдайдың қалауы.
Бұйырса ,міне, бір жылдан соң оқуды бітірем.ҚазҰУ қалашығына «Журфак-менің махаббатым»деп келген он жеті жасар жеткіншек едім. Кәдімгі күндізгі бөлімнің,ақылы білімгерімін.Оқу ақшасын бірінші төлегеннен кейін квитанцияға қарап «құттықтаймын,оқуға түскен бірінші оқушысын» деген болатын.Ауылдан келген қызыл шырайлы қыз едім.Қуанғанымнан,құдды бір грант ұтып алғандай «алақай» деп айқайладым.Қазір сол қылығым күлкілі және біртүрлі көрінеді.Жанымда әкем болды. Әкем мал шаруашылығымен айналысады. «Ірі-қарасыз, аз-маз,әйтеуір,уақ-суақ» Соған қарамастан қалтасына қараған әкемді көндіріп ҚазҰУ-да қалдым.Ауылдан келген шыр-шыр еткен қоңырау шешемнің шыр-пыр дауысын шығарып тұрады. «Құлыным-ау,оқуыңды қойшы,төлейміз,бірақ шәкіртақысыз біздің айлықты күтіп қашанғы жүресің ?»дейтін күрсініп.Мен болсам әжемнің әуеніне басып, бірдеңесі болар деп жұбататынмын.Ойымда он тиын жоқ жатақханаға орналастым.
Бұндағы бірінші күнім басталды.Берілген бөлме екі кісілік болатын.Жаныма магистрант қыз жіберілді.Тез тіл табысып кеттік.Батыстың бойжеткені болғандықтан,орысшасы көбірек.Экономика,қаржы,бизнес бөлімінің білімгері еді.Уақыт өте келе мен оған-қазақша ,ол маған-орысша үйретті.Ал оқудағы өз ортама келетін болсам көпшілігі мемлекеттік грантта болатын.Арасында мен адасқан қозыдай жүретінмін.Айтатындары: «степендия қашан түседі?, түссе ана жерге барайық,мынаны алайық» болатын.Сол кезде менің ішім «жаныма жара батқандай»ашитын. « Алма піс,ауызыма түс» дегендей ауылдан ата-анамның беретінін не болмаса жіберетінін күтіп жататынмын.Бұл кезде мен сыйласатын орта «думандатып»отыратын.Тек сонда ғана мен өзіме «неге бұлармен емеспін деп емес», «шіркін,ақылы оқысамда әке-шешемнен алмайтын шәкіртақым болса ғой»- деп, көздің жасын кеуде тұсыма салып жүретін бет орамалыммен бір-екі рет сүртіп қоятынмын.Е-е-е,бұны қойшы өтті-кетті.Алайда, асыл арманымның ақ көңілімді шетке ысырмағанына қуанамын.Сіз білсеңіз ғой,қалам ұстағанда бойымды ерекше күш билейді.Ал қағазға қолымды тигізе бастағанда, мен үшін өмірдің жаңа парақтары ашылғандай болады.Бір белгілісі, адам баласы бірден биік шыңға шықпайды ғой.Яғни, бәрі кішкентай ғана нәрседен басталады.Менің де өз биігім бары рас. Негізінде менің мамандығым қызық әрі қиын.Әйтсе де,мен бәріне нағыз қазақ журналистінің жіңішке жіп болсын жалғап алып кететінін көрсетем.Көкейімдегіні кесіп айтып,кез-келген тығырықтың тарс жабылған терезесін ашам!Қорытындым болсын. Абай Құнанбаев былай деп айтты:«Көкірегі сезімді,көңілі ойлыға,бәріде анық тұрмайма ойлағанда».Бұл менің мемлекетімнің гүлденуіне қосатын үлесім.Үмітсіз,шайтан!Мен бұған сенемін!Сізде сеніңіз!
Отан деген жас қызбын!
Отын үрлеп бірақ өлем –
Жастығымның!
Көздеріме қарашы-
Байқадың ба?
Бір біткей назды үнім.
Құдай мені жаратқан
Қазақ үшін!
Тілім- тірі!Тіршілігім ірі кезде,сәтсіздікке мойымаймын,сәттілікке сенем!Жеңілісті ойламаймын!Жеңіске жетемін!
Қонақжай кеңдігімде қазағымда!
Қайтемін мойынсұнып нала-мұңға!
Қасірет қалың оймен мазаласа?
Керек пе?
Күйем! Өз ұлтымның азабына!