Мен де адаммын!

Мен де адаммын!
жеке
блог

   Мен адаммын! Менің де өз ойым, өз пікірім, мінез - құлқым бар. Мен де ойлаймын, сөйлеймін, естимін, көремін, білемін, ренжимін, күлемін. Не істегім келсе де өзім білемін, тек қана ӨЗІМ! Білемін, мен бірбеткей шығармын, тұйық шығармын, сен үшін "ақылдысымақ" шығармын, алайда бұл тек менің өмірім. Менің жолым, менің бағытым, менің арманым, менің мақсатым! Өтінемін, кейбір  мінсіз адамдар мен жайлы айтуды, артымнан сөз сөйлеуді қойыңдаршы.

    Айтқан сөздеріннің дым мағынасы жоқ. Ешқандай! "Білесің ба, кеше ана сыныптағы Көркем не істегенін..." , "Мен "магазиннен" келе жатыр едім, мені қағып кеткен Арман қойшы-қойшылап кешірім сұрады, мен сияқты болу керек...", "Ал, Айман "иглз" сөзін мүлде білмейді екен. Ха-ха-ха заманнан қалған...". Мен мүлде түсінбеймін. Оларда нелерін бар? Не істеп, не қойса да өзі білмей ме? Әр адамның өзіне тән ерекшелігі бар. Сыртынан сөз айту - күнә. Бұндай "ауруды" қояықшы!

Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен,

Арым бар, намысым бар, жан тербеткен.

Қазақтың қарапайым бір ұлымын

Жанымды арым үшін құрбан еткен!

 

Құрметпен, міні көп адам