Мен армандарыма жетемін! Алла қаласа

Мен армандарыма жетемін! Алла қаласа
жеке
блог

Сәлеметсіздер ме?! Мен массагет сайтының көптен бергі тұрақты оқырманымын. Маған осы сайттан мақалалар оқыған өте қатты ұнайды. Бүгін ғана тіркеліп, бүгін бірінші блогымды жазып отырмын. Осыдан бірнеше апта бұрын тіркелуге талпыныс жасағанмын "қате" деп көрсетіп, массагет сайтынан "хабарлама" келмей қойды. Мен бірнеше рет осы сайт туралы тәтеме айтқанмын осында блог жазғым келеды, деген сияқты,  мен тіркелетінімді айттым. Сосын көңіл-күйім болмай жүрді (массагеттен хабарлама келмеген соң) тәтем менен сұрады: неге көңіл-күйің жоқ?-деп,мен массагеттен хабарлама келмеді деп айтқан сәтім сол еді ол мазақтап күлді(өзі мені мазақ қылғанды жақсы көреді). Бүгін тағы бір талпынып көріп едім, қатенің бәрі өзімде екен, нөмірімді енгізбеппін ғой) Енді, міне, менің қуанышымда шек жоқ болып бірінші блогымды жазып отырмын.Тәтем бүгін универге оқуына кетті, кеште келген соң мен оған мақтанатын боламын)))Мен өзім колледжде 3-курспын, жасым 16-да, ертең маған сабақ басталады, ал тәтем универде 2-курс.

Мен осында күнде өмірден түйген ,білгендеріммен бөліссем деймін.Соңғы күндері өте қатты өзгергім келіп жүр, әрине жақсы жағынан, өте жақсы жағына қарай. Психолог "Құралай ханымды" білмейтін жан жоқ шығар сол ханымның жазбаларын оқып өзімнің жан дүниемнің бәрін өзгертіп жатырмын. Бұрын өзіме көңілім толмайтын(неге екенін өзімде білмеймін), ал қазір өзімнің өзін-өзі бағалау(самооценка)  едәуір көтерілді деп айта аламын.Армандарым мен мақсаттарымның бәріне жетемін! Алла қаласа.Адам кішігірім армандардан бастау керек деп жатады сол кішігірім арманымның бірі массагет сайтына блог жазу еді, міне олда орындалды десем болады. Өзім көп қиялдағанды ұнатамын,  бәрі маған "қиялсың" дейді. Бірақ сол қиялдаудың артында үлкен-үлкен армандар мен мақсаттар жатқандығын ешкім түсіне бермейді...