Массагет табалдырығына аяқ басу

Құрметті, Массагеттіктер!

Сіздерді көктемнің алғашқы күнінде елімізде тұңғыш рет тойланып отырған Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бейбітшілік заманда, еліміздің, халқымыздың тыныштығы үшін Жаратқанға мың алғыс! Бұл күн, Қазақстанға тағдырдың жазуымен қоныс аударған, еріксіз десем де болады, түрлі ұлт өкілдеріне деген құрметтіліктің белгісі! Біздің Қазақ қашан да аса жомарттылығымен, қонақжайлылығымен ерекшеленген ұлы халық қой. Сол кездері Отанымызға топырлай көшкен барлық ұлтты жатсынбай, кеудесіне басып, бір шаңырақ астында тұруға шақырды. Олардың өз салтын, дінін, мәдениетін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Осындай Құдайдың назарына түскен, ерекше халқымды сүйемін, шіркін!.. 

Пысы: Орталарыңызға жаңа ғана қосылып, сіздермен естіп-білген, көрген дүниелеріммен, сондай-ақ, өңірімде, елімізде болып жатырған оқиғалармен бөлісемін деген ниеттемін. Алдағы уақытта әр түрлі айдарда жазылатын блогтарымды қабыл алғайсыздар! 



Бөлісу: