Маңғыстаулық жігіт Меркіде борышын өтеп жүр

Сембин Ернар Нұржанұлы - 2003 жылғы. Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылының тумасы. Қазіргі уақытта Жамбыл облысы Меркі ауданындағы 11971 әскери бөлімінде борышын өтеп жатыр. Бес ағайынды, отбасында ортаншы ұл. Дзюдомен шұғылданып, гитарада ойнағанды ұнатады.

"Әскерге келуге ағам себепкер болды. Мұнда келіп мінезім түзелді, еріншектік түбегейлі жойылды, жауапкершілік дегеннің не екенін түсінгендеймін. Еш қиындығы жоқ, мұнда уақыт тез өтеді, бір жыл бір айдай зу ете қалады. Батыстан келгеніме қарамастан, бұл жақтың жеріне, ауасына, адамдарына тез үйренісіп кеттім. Борышын өтеп жүргендер арасында жерлестерім де баршылық. Бастысы асханадағы тәтелерге "апа" демесең болды. Жалпы, болашақта хирург болғым келеді, мен осында келердің алдында өзім оқып жатқан (фельдшер мамандығы бойынша) білім ордасынан академиялық үзіліс алдым. Екі айдан соң қайтадан жалғастыратын боламын", - дейді Ернар.

Әскери медиа жобасы аясында әскери салада жүрген сарбаздар, сержанттар және офицерлердің қызметтік борышынан бөлек қарапайым өмірдегі қызығушылықтары, өмірлік ұстанымдары және елдің дамуына қосып жатқан үлесі жазылады.

Бұл іс-шара "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КеАҚ-ның қолдауымен "Алматы" студенттер Альянсы" корпоративтік қорының ұйымдастырып жатқан "Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу" жобасы аясындағы "Әскери медиа" шағын грант негізінде жүзеге асырылып отыр.



Бөлісу: