Мақсатына жететін қызбын!
Бисмилләһир рахмаанир - рахиим! Мақсатым туралы сөз қозғағанда алты әріпті малғұнның маңымда болмағанын қалаймын!Оң иықтағы періштем әрбір калауым а аумин десе болганы!Тағдырыма ризамын!Төрт аяқтап еңбектегеннен кейін,екі аяққа тік тұруды үйреткен ата-анамды сол жетем деген мақсатымның жетектеушілері, жолнұскаушыларығып айта кетсем әбес түгі де жоқ!Бірінші сыныпта әр аптасын арманмен өткізіп,келесі айды қиялмен күтетін, бүлдіршін болатынмын.Одан бері бірталай жыл өтіпті.Алданышым арманыммен , құры қиялыммен қош айтысып,үлкен биік нүктемді айқын көру үшін, алдыма содан кейін-ақ, мақсат қоятын болдым!Жаратқаннан күніне төрт көзіміздің түгелдігімен ,
он екі мүшеміздің саулығын сұрайтынмын!Орамалмен қымтанып,басымды сәждеге қоймасамда, қолыма құран ұстағаннан ба ниетімнің нақ екеніне күмән болмады.Рухани жағынан өзімді өте баймын демесемде,дегенмен біраз нәрседен хабарым мол!Толықтай бұны айтып өтпесемде,тағдырымда тәңірімнен сұрарым тура жол болды!Бұл да мақсатымның маған керектілері деген қалауындай көрінді.Бұны сездіртуші, дабыл қаққызушы ,әлбетте ми,ал мидің іске қосылып,қалағанын жүзеге асыру үшін істеген қызметі,ойлансаң ой арқылы мақсатқа жеткізеді екен.
Менің қандай екенімді ешкім білмейді.Негізі түсініксіз болуға тырысам.Әрбір адам әртүрлі ойда қалғанын қалаймын.Осыған дейінгі жора-жолдастарымның алдында біраз өзімнің сахналық рөлімді ОЙНАДЫМ.Бұны мақсат еткен болатынмын.Шүкір шүбәсіз ескерілді.Ескерту айтқандай сөйлеуші сынаушыларда,төбесінен ұру осы дегендей тергеушілерде болды.Оларды тыңдадым.Өтірік күлдім...маған олардың ойы маңызды болатын.Қалағаныма жеткенде жәй ғана жымидым.Сол тәжірибелік мақсатымда мен-мені басушылардың,менің сөзімді тасушылардың кім екенін көрдім.Бұл бірнеше күндік сағаттар, менің көзқарасымды көп ұзамай-ақ өзгертті.Өзін періште санаушылар сумайлана бастаса,басқасы тағы білгенін істеді.Бұдан қорытынды-бірі көлеңке бірі өнеге досты айыра алғаныма және ішінен армансыз араласатын адамды тапқаныма қуандым.Дөттеген мақсатым,осылай маңдай терімді қуантып шығарар деп кім ойлаған?!
Алда әлі біраз нәрсе бар!Бітіруім керек деген.Осында оқуға қалай түстім солай ақшаның қадірін құнын сезіндім.Әкеммен анамдың жоқ дегізбей жыртығымды жамағанына ризамын!Оларға алла разы болсын.Алдымен алланың содан соң солардың арқасында қазір ұлттық университетте білім алып отырмын.Қыз мұраты-кету білем!Алайда Менің тілегім оқуды бітіріп,күйеуге шыға салу емес!Менің тілегім ата-анамды мақсатымның төріне шығару.Олар менімен емес,менің халық үшін істеген игілігіммен мақтанады.Окуды бітіріп,аяғыма тұрған соң,ен бірінші кезекте әкеммен-анам тұр!Саны аздау балдың кесірінен грантқа түспей қалған соң,тағы да алдыма мықты мақсат қойдым.Мына жылына төлейтін алты жүз жиырма мыңды мен бір-ақ айда табатын болам!Акша атаулы тағдырымда сыңар болғысы келіп бастаса,менде ақшамен ойнаймын.Маған дүние атаулының дым керегі жоқ!Ол-опа болмайды,білем!Бірақ бай болам!Себебі маған қысылып-қымтырылған өмір ұнамайды.Бір жердің тізгіншісі болам,төрт жылда тілге ер-тоқым сап отыратын болам!сол кезде,танданбаңыз,қазір іштей тіліңізді шығарып күле тұрыңыз,бірақ сол кезде шығарған тіліңізді өзіңіз-ақ тістеп тұрасыз!Қорықпаңыз, менен жасқанғаныңыздан емес,мені және менің қызметімді сыйлағандықтан!Бұл менің тағы да болады деген мақсатым!
Шыны керек ойымды шашқым келмейді!Мақсатым көп,ақырындап ашусыз оған жетудемін!Бойымда қасқыр мінез болған соң,қалай болса солай қарайтын күнім жоқ!
Ешкімде шаруам жоқ,өмір жолым өзімдікі болған соң,ешкімнің басымды қатыруға қақысы да жоқ!Қатыратын жағдайда жынын қағып алардай күшім де көп!Себебі, мен әлсіз емеспін!Менімен әбігер болушыларға айтатыным,абайла аяусыз ауызға қоятын қақпаным қолымда!Адамның күні адаммен!Сыйға-сый,сыраға-бал!
Бұдан артық ақтарылғым келмейді,білсең болды мықты болам деген мақсатым бар!Айтылған сөз атылған-оқ,қалауын тауып алсам, бағымды бірден жандырар!Болмаймын қол жайып нан сұрар!Шикі шалалықтар мүмкін ісімді шектейді,бірақ ,білем,бұйырған бағым басымнан кетпейді!