Әне міне деген ше, жаңа оқу жылы да келіп жетті. Жапы мақсатымның қаншалықты орындалғаны жөнінде.
20-25-мамыр аралығын да мен де, 2000 теңге болды. Өзім жинаған болатынмын. Демалысқа шыққан соң сол ақшаны көбейтуді жоспарладым. Бірақ қалай? 26-мамыр қалаға шығып теле арнаға жұмысқа орналаспақ болып бардым. Маған төленетін 25 000 теңге болатын. Ол маған аз, жататын жерім, жүретін жолым, тамағымды есптеген де айына 3000 тг әрең артылады екен. Қой одан кафеде жұмыс істейін десем бос орын жоқ! Студенттер ге толып қалыпты. Ал енді не істеймін? Ақша табу керек? Жұрт ұқсап қырдан шөп орып сатайын ба? Жоооқ... Үйдің жұмысы ше? Тығырыққа тірелдің Нұрлыхан. Не үйден шыға алмайсың, шықсаң тапқан ақшаң өзіңнен артылмайды! Жаз жұрттың бәрі поляда, күн ыстық! Жігітке жеті өнер де аз. Мен шаш қияаламын, түрлі шаш үлгісін де жасау қолмнан келеді. Інімнің шашын қиып, әдемі үлгі жасадым. Ертесіге екі-үш үй ары тұратын жігіт келіп меніңкінде солай алып беріңізші деп келді, алып бердім. Солай ауылға тез тарап қаладан келгген қонақтар да қызығып шаштарын қидырып кететін болды. Одан біаз қалтам томпайып, 2000+3000 тг болды бәрі 5000 тг. Оған қоса ауылда төлемдерді қабылдайтын жер жоқ тұғын. Карточкамен бірлік қымбаттырақ түсетін. Оның өзі бірде бар-бірде жоқ. Енді 5000 тг айналдыру керек. Ауыл адамдары менен келіп бірліктер сатып ала бастады. Алғашын да түк табыс болмады. Жаба салатын ойым да болған. Не істсем де бастадым деп, аяғына жеткізейін дедім. Қазір 20000 тг жетуге айналды.Шүкір.Қанағат. Оның арасында сол ақшаға қыдырып та үлгеріп жатырмыз. Мақсатым орындалды. Үйден шықпай ақ , ата-анамның көңілінен шығып, біраз жұмыс жасаппын. Мақсатым орындалды. Әрине екі ай бойы Массагетпен бірге жеткенім үшін қуаныштымын! Жазғы демалыс шығармашылықтың шыңырауына жетуге көп үлес қосты!
#менен кәсіпкер шығады екен!
Оған қоса, ауламызға еккен көгөністерден мол өнім алдық, бұлда мақсатымыздың орындалғаны!!!