Мақсатым менің ертеңім (байқау)
блог
Мақсат - ең бір шешуші қасиет. Өмірде табандылығының арқасында мақсаттарына жетіп отырған адам періште қанатымен жұлдыздай жарқыраған мұратына қарай самғамақ. Оған жеткен адам өзі де жұлдызға айналады. Менде мақсатымның пырағына мініп көкте қалықтағым келеді. Өз әлемімнің қызықты әрі ғажайыпқа толы болғанын қалаймын.
Менің мақсатым би деген ұғымға басты назар аудару. Он бес ұлттың биін үйренгім келеді. Бала кезімнен биге қызығушылығым ерекше, сондықтан би мен үшін белгілі бір сөзді қимыл арқылы жеткізу. Мен ғажайып етегімнің биші ханшайымы секілдімін. Шынайы ханшайымдар ғана биді түсініп, еркін қимыл - қозғалыс шебері бола алады. Алдағы уақытта тек биге ғана емес поэзия әлеміне де саяхат жасауды жөн көрдім.
"Поэзия, менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім",- деп жырлаған Мұқағали Мақатаев атмыздың лирикаға толы жүзге жуық өлеңін ойыма тоқып, санама түю мақсатым. Поэзия пайғамбарының өлеңдерін оқу әр бір жас ұрпақтың парызы, міндеті. Ақынның өлеңдерінің тұнығын ішіп, жырларын жіпке тізсем деймін. Игілікті мақсаттың үлкені мен кішісі болмайды, сол мақсатқа жету жоспары үлкен болғаны дұрыс. Адам баласы мақсатына маңдай тері, парасатты білімі мен салиқалы сабыры, шынайы сезімі арқасында жете алады.
Бұл байқау топтық болғандықтан жарыста топтың жеңісі маңызды рөл атқарады. Ал жекелей жеңісің ол сенің мақсатыңа жеткенің, биігіңді бағындырғаның. Бұл байқау топтың шыдамдылығын, ұйымшылдығын, ынтасын көрсетуіне мүмкіндік береді.
Мен мақсатыма жетемін деп сенім білдірген, аянбай еңбек еткен адамға жеңіс туы желбірейді.
"Парасат" тобы алға!