Мақсатым қанат қақты ұлы жолға! (байқау)

Жаз айындағы мақсат, жоспарларымды белгілеп қойдым. Алдағы жоспарларыма келетін болсам, жалпы төрт аптам поэзия әлеміне арналмақ.Яғни, қазақтың Марғұлан Ақан 

Ерлан Жүніс

Ақберен Елгезек

Маралтай Райымбекұлы

сынды қаламы қарымды ақындарының өлеңдерін өзімше зерделеуге ниет бұрдым. Мұндағы басты мақсатым, егеменді еліміздің жаңа тарихын жырлап жүрген ақындардың өлеңдерін оқып, оларға талдау жасауға бағытталады.

Бесінші аптада екі мың жылдық тарихы бар көне шаһарда орналасқан ескерткіштерді аралап, алаштың ұлы тұлғаларымен белгілі қайраткерлердің мүсіндеріне саяхат жасауды негізге алып отырмын. Оларды суретке түсіріп, монументтер жайлы ақпараттар жинақтауды жұмысымның басты жоспары деп белгіледім.

Алтыншы  аптамды білім мен ғылымның сарайына, яғни кітапханаға арнағанды жөн санадым. Ондағы том-том кітаптарды үлгергенімше оқи отырып, білім кеңістігімді кеңейтуге шынайы ынтықпын. Әрі рухани әлемімді байтып, демалысымды мәнді өткізуге қадам жасамақпын.

Жетінші аптаны "Бір аптада бір кітап" әдісін қолданамын. Мұнда Амангелді Ормантайдың "Бауыржан Момышұлының балалық шағы" атты кітабын оқу жоспары тұр.

Осы мақсаттарымды  орындау үшін талмай еңбек етемін, сонда ғана діттеген мақсатыма жетемін! Мен үшін де, тобымыз үшін де жеңістен гөрі еңбегіміздің жемісі маңызды. Еңбектенейік, талпынайық, қанат қағайық, Масагетпен мақсатымызға жетейік!

Мақсатым қанат қақты ұлы жолға,

Қауырсын қаламды алдым қолға.

Массагетпен әрқашан бірге болып,

Кел, достар мені қолда!



Бөлісу: