Қайырлы күн, менің массагеттік достарым! Бұл менің екінші блогым. Сіздермен өзімінің алға қойған мақсаттарымды бөлісуді жөн көрдім.
Мақсат - адамның арманының нәтежиесінде қалыптасатын, сол адам үшін ең маңызды болып табылатын дүние. Алайда мақсатты дұрыс қоя білуіміз керек. Себебі, бұл өзіңді-өзің жетілдіру, жаңа деңгейге көтерілу. Мақсатқа жету жолында біздің табандылығымыз, күш-жігеріміз шыңдала түседі. Мақсат адамда анық әрі нақты болуы керек. Сонымен қатар, мақсат адам үшін қол жетерлік болуы керек. Яғни, біздің қазіргі жағдайымыз бен мүмкіндігімізге сай ма? Немесе жалпы алғанда қол жетерлік пе? Осы сұрақтарды қою арқылы мен де өз мақсаттарымды айқындадым.
-Ұлттық Біріңғай Тестілеуден жоғары балл жинау
-Жаңа тағам түрлерін үйрену
ҰБТ-үлкен сынақ, үлкен жауапкершілік. Бұл сенің 11 жыл бойы оқыған біліміңнің басты көрсеткіші. Менде жақсы көрсеткішке жету үшін ҰБТ-ге осы сәттен бастап дайындалуды жөн көрдім. Алдымен ҰБТ-ге дайындалуды жоспарлап алдым. Дайындықты негізінен өзіміз қиналатын пәннен бастау керек деп ойлаймын. Сол себепті мен дайындығымды физика пәнінен бастадым.
Ол үшін:
1.Өткен материалдарды қайталау
2.Есептер мен жаттығуларды күнделікті орындап отыру
3.Формулалар мен ережелерді еске түсіру
3.Сынақ және онлайн тесттер орындау
4.Физика пәнінен сабақ алу
Менің ойымша әрбір қыз бала тамақ дайындай алуы қажет. Тамақ дайындау бұл менің сүйікті істерімнің бірі. Мен оны одан әрі жетілдіргім келеді. Сол үшін осы жазда жаңа тағам түрлерін үйренгім келеді.
Ол үшін:
1.Оңай мәзірлерді үйрену (бәліштер,торттар т.б)
2.Әзірленуі қиын, бірнеше сағат даярланатын тағамдарды да үйрену
Топтық және жекелей жеңістің маңызына келетін болсам, негізінен екеуі де маңызды. Бірақ топпен бірге атқырылған жұмыс қызығырақ. Себебі, тек өзіңнің ғана пікірін емес, сонымен қатар топтың басқа мүшелерінің пікірімен санасып, олармен бірге талқылап, қызу жұмыс жүргізесің. Ал, жекелей жеңіске келетін болсам, мұнда өзіңнің мүмкіндігіңнің қандай екенін көруге болады. Және жеңіске жету үшін өз мүмкіндігінді толық аша аласың, тағы өз бойына жақсы қасиеттер жинай аласың.
Байқаудан жақсы нәтежие күтемін. Бұл байқау бізге жазғы демалысымызды тиімді әрі қызықты өткізу үшін үлкен мүмкіндік. Осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, алға қойған мақсаттарыма жеткім келеді.
"Парасат" тобы алға!!!