Алдыңызға мақсат қою бір бөлек, ал оған жету мүлдем басқа. Мен осыған дейін мақсатқа жету жайлы атақты оратор, психолог жазушылардың кітаптарынан түйгенімді (өмірде іске асырғандарымды) және алдағы 2 айдағы Массагетпен бірге жететін мақсаттарымды бөліспекпін!
Мақсатқа жетудің 10 құпиясы.
1. Мақсаттарыңызды қағазға жазыңызАдам ойы тұрақсыз. Егер сіз мақсаттарды жай ғана ойласаңыз, олар күннен-күнге өз мәнін жоғалтады. Сіз күні бойы сол мақсаттарды ойлап жүре алмайсыз. Әрі пассивті ойлар сіздің мақсаттарыңызға теріс әсер етеді. Сол себепті сізге мақсатыңызды орындай алмайтындай ойлар келеді. Ал егер мақсаттарыңызды қағазға түсірсеңіз, олар тұрақты түрде миыңызға сіңіріледі және олар міндетті түрде орындалады.
Сіздің миыңыз психологияда 2 бөліктен тұрады. Ой және сана. Сізбен болып жатқан оқиғалардың барлығы солардың арқасында іске асады. Сіздің ойыңыз ақпараттарды қабілеттер арқылы(есту,көру,т.б.) қабылдайды, салыстырады, санаңызға жібереді. Ал санаңыз оны шындыққа айналдырады (ол мейлі пассивті, мейлі позитивті ой болсын). Мысалға сіз өзіңізге бір істі ертең жасайтыныңызды айтсаңыз, санаңыз оны дәл солай, еш өзгеріссіз қабылдайды. Және ертесіне сізде ол істі тағы бір күнге, яғни ертеңге, шегеру туралы аяқ асты ой келеді. Ол сіздің санаңыздың ісі, барлығын шындыққа айналдыру. Сол себепті мақсаттарды мынадай етіп жазыңыз: «Мен ағылшын тілін осыншалықты дәрежеге дейн меңгердім», «Мен ҰБТ-дан осыншама балл алдым».
3. Мақсаттарыңызға уақыт қоя біліңіз.Кез келген мақсатты қойғанда оның қашан жүзеге асқанын бірге жазыңыз(өткен шақта). Бұл өзіңізге деген сенімділік тудырады.
Мақстарға жетудің жоспарын жасаған соң, оларды орындау үшін өзіңізді тәртіпке шақырыңыз. Егер сіз қанша жердін мықты жоспар, мықты мақсат қойғанмен тәртіп жоқ болса сіз ешнәрсеге қол жеткізе алмайсыз! Күнделікті не істейтіндерін алдын ала жоспарлап, оны орындай білген жан – мақсатына жететін тәртібі бар, тұрақты жан.
Уақытты ақша деп қарастырайық. Сіз күнде кешкісін күні бойы жарата алмаған ақшаңызды немесе сіз үшін пайдасы жоқ нәрсеге жұмсаған ақшаларыңызды отқа жағып отырасыз. Ол сізбен әр күні болатын оқиға. Ешкім өз ақшасын отқа жаққысы келмейді. Сізге айтар ақылым: егер сіз жас болсаңыз кітаптар оқыңыз, ізденісте жүріңіз. Егер кітап оқуға қолыңыз тимесе аудиоктіаптар тыңдаңыз(кеңес:VK әлеуметтік желісінді аудиокітаптар жайлы топтар көп).
Сіз үстіңізге киім сатып алсаңыз оны сол күйі тозғанша кие алмайсыз, оның реңі өзгереді. Немесе пышақты өмір бойы сатып алған күйінде пайдалана алмайсыз, ол өтпей қалуы мүмкін. Оларды қайта пайдалану үшін киімге кір жуғыш ұнтақ, пышаққа қайрақ қажет. Сіздің мақсаттарыңызда солар секілді. Кейде мақсаттарыңызға деген ұмтылысыңыз төмендейді. Сол сәттерде сізге себептер көмекке келеді. Мақсатыңызға ұмтылғандағы сізді жігерлендіретін себептер табыңыз. Мысалға менің мақсаттарға ұмтылғандағы әдеттегі себебім ол – жеңісті сезіну. Бір жеңістен кейін екінші жеңіске жету, олардан әсер алу.
Мақсатқа жеткеннен кейін босаңсымаңыз. Келесісіне ұмтылыңыз. Себебі сіз босаңсысаңыз қателіктерге көп бой алдырасыз. Сенімді тегіс жолмен, қозғалысы жоқ көшемен, өте сенімді көлікпен келе жатсаңызда сіз тізгінді(рөлді)жібере алмайсыз. Арты не боларын бәріміз білеміз. Әрі өзіңізді өте төмен бағаламаңыз. Олай жасасаңыз биіктерді бағындыруыңыз қиын.
Сіз білесіз бе, 1-2 жасар нәрестелерде қорқыныш сезімі жоқ. Олар қорқу дегенді білмейді. Олар тек 2 нәрседен: айқайдан және құлаудан қорқады. Оларда басқа қорқыныш жоқ. Олар қызығушылығымен қатты ыстық нәрсені ұстап көруге, болмаса кез келген жерде жатқан заттың дәмін білу мақсатында аузына салуға да бар. Өсе келе біздегі ол қызығушылықтың барлығы қорқынышқа айналады. Ересек адам жеңілістен, тәуекел етуден т.б.қорқады. Олар мақсатқа жетудің негізгі кедергілері. Менің тілерім сізге нәрестенің қызығушылығын берсін!
Сіз мақсатқа ұмтылғанда сізге кейбір жандар өзінің пассивті пікірлерін айтып жатады. «Сенің қолыңнан келмейді», «Бұл ақымақтық!» т.б. Ондай жағдайда мақсаттарыңызды құпия түрде, жария етпестен орындаңыз. Немесе ең дұрысы өзгелердің пікірінен өз ойын жоғары қоятын адамға айналыңыз. Әлемдегі ең арзан нәрсе өзгелердің сіз жайлы айтқан пікірі. Ол барлық жерде бар!
Сіз өз мақсатыңыз бойынша ізденіңіз, оқыңыз, оларды өмірде іске асырыңыз!
Осы қағидаларды ескере отырып менің Массагетпен бірге жеткім келетін мақсаттарым мынадай:
1) Ұлан газетінің «Жас тілшісі» атану;
2) Алдағы 2 айда 5 кітап оқу(жұмыс жасау);
3) Бенджамин Грэхемнің «Ақылды инвестор» кітабын оқу(жұмыс жасау)
4) Математикадан ҰБТ-ға дайындық; (20 баллдан асыру)
5) Шешімі қиын 50 сұрақтың өзіндік жауабын табу.
Сіздің қазір не ойлап отырғаныңызды білемін. Жоғарыдағы талай мақсатқа жол ашатын кеңестерден кейін, менің мақсаттарым сізге оңай «қолжетімді» болуы мүмкін. Бірақ, бұл олай емес. Себебі:
1) Ұлан газетінің «Жас тілшісі» болу менің біраздан бергі арманым. Жай ғана тілші емес, өзіндік стилі, ой салатын қабілетке ие дара тілші болу;
2) Сіз бәлкім алдағы екі айда менікінен де көп кітап оқи алатын шығарсыз, бірақ олармен жұмыс жасау шеберлікті, төзімді қажет етеді. Дейл Карнеги айтпақшы: "Кітапты жай оқыған жеткіліксіз, онымен жұмыс жасау қажет";
3) Болашақта қаржыңызды басқаруды үйрену бәріне керек шеберлік. Әлемдік қаржыгерлердің інжіліне айналған Бенджамин Грэхемнің бұл кітабы сіздің(меніңде) қаржылық мәселеңізді шешетініне кепіл беремін;
4) ҰБТ жайлы көп сөздің қажеті жоқ деп ойлаймын. Үлкен белестен сүрінбей өту барлық бітірушінің арманы;
5) Логиканы ұнатамын. Осы жанрдағы сұрақтарға жауап іздегенді жақсы көремін(олар жайлы келесі блогта).
Байқауда жекелей жеңісте адам өзін сенімді сезінеді. Топтық жеңісте адамда топтағы жандарға деген сенімі артады. Мен мақсаттарыма жете отырып, топтыңда мақсаттарын іске асырамын. Себебі мен әріптестеріме, жетекшіме сенемін!
Байқау жайлы бірер сөз: Шын мәнісінде байқау алғаш жарияланғанда қызығушылығым төмен болды. Байқауға қатысқым келмеді. Кейіннен шешімімді өзгерттім. Себебі байқау басталмай жатып жеңіліске ұшырағым келмеді. Мен үшін мүмкіндіктен бас тарту жеңіліспен тең. Мен өзімді өзге де қырларымнан сынап көретін мүмкіндікке ие болдым деп ойлаймын.
Байқаудан жеңісті сәттерді, ұйымдастырушылық қабілеттерді және айқын мақсаттарға қол жеткізе отырып, сенімділікті арттыуды күтемін.
P.S. Жоғарыдағы кеңестер менің Хан TENGRI тобындағы әріптестеріме, портал оқырмандарына, әрине өзге де қатысушыларға мақсаттарына жетуге көмегі тиеді деген ниетпен жазылды. Менің мақсаттарым, кеңестерім көңіліңізден шықса, қосар ойыңыз болса төменде өз пікірлеріңізді күтемін!