Мақсат - жетістіктің желкені (байқау)

Мақсат - жетістіктің желкені (байқау)
жеке
блог

Адамның биік дәрежеге жетуі үшін екі нәрсе керек. Ол: мақсат пен еңбек. Алға мақсат қоя білу өте маңызды. Өйткені, Адам мақсатты қалай қойса, ол соған қарай ұмтылады. Мақсат дегенді биік тауға балау керек. Сол таудың шыңына жеткенше, мейлі жығыл, мейлі сүрін, қайта аяққа тұрып  талпынамыз. Сол себепті әрбір адам мақсат қоярда биіктердің  биігіне ұмтылуы керек. Мақсат бар жерде  арман бар, арман бар жерде үміт бар, үміт бар жерде ниет бар, ниет бар жерде талап бар, талап бар жерде еңбек те бар. Бұлар — бір-бірімен ажырағысыз,  тығыз байланысты қасиеттер. 

Мен болашақта тілші болғым келеді және «Мақсатыңа Массагетпен бірге жет» байқауын пайдаланып өзіме мынандай мақсаттар қойдым: 

1. «Менің көзкарасымдағы 10 үздік журналистті анықтау». Өзімнің саламдағы үздіктерді анықтап олардың  жүрген жолдарын басшылыққа алу.

2. «Ақбұлағым - мақтанышым» атты фоторепортаж жасау. Фоторепортаж - журналистиканың бір саласы. Бұл салада өзімді байқап көргім келеді.

3. «Үздік 5 ақын өлеңдерін оқу». Кітап оқып, поэзиямен тілдесу адамды рухани дамытады. Әрі радиожурналистикада тілшінің дикциясы жақсы болуы керек. Сондықтан осы мақсатты mp3 нұсқасында ұсынамын.

4. «Сырласу» (ақынмен сұхбат). 

5. «Үздік 5 ән мәтіні». Мақсатым мәтіні ұрапаққа үлгі боларлық ән мәтіндерін таңдау.

 6.  Актуалды тақырыпта әңгіме жазу. Бұрын соңды әңгіме жазып көрмеппін. Осы байқауда өзімді проза жанрынан сынап көргім келеді.

7.  «Үздік 3 Отандық кино». Қазіргі қазақ киносының үздіктерін анықтау.

Қазақта «жалғыздың үні  шықпас, жаяудың шаңы шықпас» дейді. Топ бірігіп жұмыс жасағанда ғана жеңіске жетеді. Байқауға қатысудағы мақсатым топпен жұмыс жасауға үйрену, топ мүшелерімен тәжірибие алмасу, өзімді интернет журналистика саласынан бағымды сынау. Байқау қызықты әрі тартысты өткелі тұр. Мақсатыма Массагет арқылы жетемін деп ойлаймын.

Болашақтың жолына мен сенемін,

Қиялымның жетегінде келемін.

Келешекте мақсат қойдым тым асқақ

Жету үшін барымды мен беремін