Құбыжықты өз көзіммен көрдім!

Құбыжықты өз көзіммен көрдім!
жеке
блог

Қыстың кезі, таңғы сағат алты. Мен әдеттегідей үйлердің арасымен жұмысқа бара жаттым. Аялдамаға енді жете бергенде, қараңғы бір тұстан тұрған адамның денесі көрінді. Мен оған қарай қарсы жүріп жақындай бердім. Ол да маған қарай келе жатты. Тақалған сайын ер кісі екенін түсіндім. Үстіне ұзын қара плащ киген, басына плащтың капюшонын киіп алған, түрі анық көрінбейді. Жақындап келді де алдыма тұра қалды. Мен түсінбей қалдым. Енді бұрыла бергенімде қолымнан ұстай қалды да, капюшонын шешіп жіберді. Мен оның бетіне қарадым да талып қала жаздадым. Бұл адамның келбеті емес. Екі бетінде с әрпі секілді тыртық бар. Көздері толығымен қап-қара. Құлақтары адамның құлағына ұқсамайды үшкір. Маңдайына екі мүйіз шыққан. 

 Әрине сіз оқып отырып сенбеген шығарсыз, бірақ толығымен оқысаңыз шындық екеніне көзіңіз жетеді.

Сөйтіп оның түрін көріп жүрегім жарыла жаздады. Қолымды тартып жіберіп қаша жөнелдім. Олда артымнан қуды. Қорыққанымнан қашып келем, қашып келем. Демім бітті, шаршап тоқтап қалдым. Жан жағыма қарасам біраз жер жүгіріп тастаппын. Ал артыма қарасам әлгі құбыжық жоқ болып кетіпті. Зым зия ғайып болған. Жүгіріп барып бір үйдің кіреберісіне кіріп демалып алдым. Қарасам сағат жеті болыпты, бір сағат жүгіріппін. Иә, адам баласы қатты қорықса өзін-өзі жоғалтып алады екен. Сөйтіп не дейсіз үйге қарай қайттым. Үйге жақындай бергенде, артымнан тысырлап адамның жүген дыбысы естілді. Артыма қараймын ешкім жоқ. Жүремін қайтадан дыбыс шығады, артымда тағы ешкім жоқ. Қорыққанымнан жүгіре жөнелдім. Әлгі дыбыста тез-тез қозғалып жүгіріп келеді. Қатты жүгірем ол да қатты жүгіреді. Тоқтай қалам, тоқтайды. Бұрылам ешкім жоқ. Түсінбедім, әлде жаңағы құбыжық па деп ойлап қойам. Кім екені көрінбейді.

Үйге келдім, шешіне бастадым, сөйтіп қарасам белбеуім жүгіргенде ағытылып кетіпті. Әлгі тысырлап келе жатқан дыбыс сол екен. Бір кезде ұялы телефонның қоңырауы соғылды, оянып кеттім.