Компьютерім-сырласым
блог
....Түн болды... Бірақ әлі ұйқы келер емес. Мен бақыттымын!!! Иә, шынында да мен бақыттымын! Мен мына өмірге ғашықпын! Өмірінің әр минутына, секундына дейін бос өткізгім келмейді. Сұлулыққа ғашықпын мен! Кейде көшеде мұңды адамдарды кездестіргенде, «адамдар неліктен осы өмірге көңілдері толмайды?» деп ойланамын. Расында да, солай ғой. Бақытты сәттерде мәз болып күліп жүреміз де, басқа уақытты үнемі тағдырға өкпемізді айтамыз да жүреміз. Ылғи да сол. Қолымыздан келмесе болды, өзімізді «тағдыр солай» деп тыныштандырымыз да жүреміз.
... Түн болды... Бірақ мен әлі компьютердің алдында отырмын. Түнмен сырласқым келеді, бірақ ол үндемейді. Сосын клавиатураны тыным таптырмай басып оған тыныштық бермей әйтеуір ойыма келген сөздерді, сырларымды жазамын да, отырамын. Осы мен кейінгі кездері көп армандайтын болып кетіппін. Үнсіз отырып армандаймын. Өзімнің болашағымды көз алдыма елестетіп көремін. Әрине, әрбір қыз баласы сияқты мен сүйгім келеді, сүйікті болғым келеді. Бала сүйгім келеді. Әлпештеп қанаттыға қақтырмай әрбір еркелігімді, қырсық мінезіме қарамастан әлдилеп өсірген ата-анамның қиыншылық көрмей өмір сүргеніне септігімді тигізсем деймін... Кейбір күндері осы өмірге сыймай кетем ғой мен! Мұқағали атамыз сияқты «Сәби болғым келеді». Мектептегі алғашқы күндерімді есіме түсіремін. Мектебім-менің алтын ұя мекенім, екінші үйім десем де болады. Онда менің бейкүнә сәби жастығым өтті. Мұның бәрін де ұмыта алмаймын! Ұмытқым да келмейді!
...Түн болды... Бірақ мен әлі отырмын... Музыка қосулы. Кейде шегіп алған адам сияқты күле саламын, кейде есіме бәзбір оқиғалар түсіп кетеді де жылап та аламын. Жә жетер неге жылап отырмын мен? Ол өтіп кетті емес пе? Болды енді оларды санамнан өшіруге тырысамын! Жыламаймын! Ендігісінде тек қуаныштан жылаймын!
...Түн... мен ұйықтамай осы техникамен әлі отырмын) Осындай сөйлемдермен оның жадын толтырып жатырмын. Басқа ешкімге сенбеймін! Осы темір терсек жиындысы ғана мен жайлы бәрін біледі! Бұл бір жағынан жақсы) Тірі жанға айтқаннан осы клавиатураны басып жеңілдеп қаламын. Болды, болды мен көп жазып кеттім. Не деп кетті дегендер де бар болар? Ал ол болса үндемей қарап отырады) Маған осылай ұнайд!)