Комендант апайға шағым!

Өтті де анам өмірден

Жатаққа көштім мен болмай.

Үйдегі жүкті көрінген

Ап келдім, қояр жер қалмай...

...Бөлмеге қарай жол тарттым

Әдеттен күнгі кешігіп.

Сүртілмей бөлме алты-ақ күн

Кірістім соған шешініп.

Әрі де бері қарадым,

Тұрғандай бұйым жетіспей.

«Плитка» жоқ! Кімнің аларын

Білгім ақ келді шекіспей...

Анамның аппақ қолының

Иісі қалған плитка-ей!

Көрінбей ізі жолының,

Жем болдың ба бір итке?

Жем болдың ба бір итке...

Мен қоспай жүрген плиткам

Мен болмай қалған уақытта

Қай ұрыларды жымитқан?

Бөлеген қайсын бақытқа?

Ай өтті, айтсам жаңылмай,

Беймәлім қайда жатқаны-ай.

Сол «жоғым» жүрген табылмай

Комендантта екен, ап бәле-ай!

Ести сап ұштым тоқтамай,

Сөйтсем Дониярова Айгүл Салимовна атты комендант апайымыздың қолы «қатты бір» шаруамен босамай табалдырықтан да аттатпай қойды. Апай плитка... деп ем, «басты ауыртпашы, жылдың соңында аласың,-деді». Туыстарға беріп жіберетінімді айтып едім, тіпті тыңдамады. «Болмайтын майда-шүйдеге бола уақытымды алмашы, КЕТ!»-деп айыр қабағын танытты.

Сосын мен дедім «Оппана-ай!»

Ол плиткаға жоқ баға-ай,

Мақсатымды ішке сақтамай:  Жазжберем дедім)))

Коменданттың жеке өзі 610 «Б» бөлмесіне плиткамды әкеліп тастауын талап етемін!

Аты-жөнім: Наурызбаев Нұрлан Нуржанович. 

 

 



Бөлісу: