Қол жетпес арман болмайды (байқау)
жеке
блог
блог
Жер бетіндегі адамдардың барлығында да өзіндік мақсаттары мен армандары бар шығар деп ойлаймын. Өмірде қол жетпес арман болмайды, тек оның ебін тауып, өз мақсатымызды айқындай алсақ дегенімізге жетеміз. Олай болса мен де алдағы екі ай ішіндегі мақсаттарыма Массагетпен жетуге бел будым! Ендеше өзімді таныстырып өтейін: Құрманбекова Гүлдәрі Құрманбекқызы
"Желге қарсы жүрсең ғана жетістік туы желбірейді". Меніңше адам кездескен қиындықтарға мойымай қарсы тұра білуі керек. "Тәуекел түбі жел қайық, өтесің де кетесің, уайым түбі терең ой, батасың да кетесің" демекші, әр істің өз қиындығы болатынын ойда ұстаған жөн.
Менің сүйікті және өзіме үлгі тұтатын тұлғаларым Ләйлә Сұлтанқызы мен Бекболат Тілеуханов. Меніңше олар өз мамандықтарының майталманы.
Менің хоббиім: Қызықты әңгімелер оқу, нақыл сөздер жинау, жаттау. Ал бос уақытымда домбыра шертіп, ән шырқап, термені де бір қайталап тұрғанды жақсы көремін.
Кезекті оқу демалысында кішігірім алға қойған мақсаттарыма жетіп және уақытымды тиімді пайдаланып, демалысты бос өткізбеу.
Менің Массагет байқауына ұсынар байқауым. "Массагет бейнесі". Бұл байқауда қатысушылар өзінің қиялындағы Массагеттің жаңа бейнесін көрсетеді. Әркім өзінің қолынан келген қолөнерін жасап, суретке түсіріп жібереді. Қайсы туынды жақсы шығады, сол қатысушыға сыйлық табыс етіледі.
Біз секілді оқушылардың уақытын қызықты әрі тиімді өткізуіне, пайдалы әсер алуына көп ықпалын тигізетін сайыс болғалы тұр. Сонымен қатар бұл байқауда оқушылардың белсенділігі мен жетекшілердің қабілеттілігі, ұйымдастырушылығы сыналатыны айқын.
Сондықтан барлық қатысушыларға айтарым:
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба орта жолда қалыспа.
Жеңіс, мәре жақын ба, әлде алыс па?