Қожакелді АЛДАНОВ: «ЕРЕКШЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫМ»

Қызығушылық... Хобби ғой.

Балалығымнан дей алмаймын, бірақ біршама уақыттан бері әлем халықтарының қағаз ақшаларын жинаймын. Ол туралы біраз блогтарда жазған болатынмын. Өте ескі ақшаларға әлі қол жете қойған жоқ, ескілері сол 1961-1964 жылдар аралығындағы Кеңес одағымен Индонезияның ақшалары, қорымда сондай ақ, Өзбекстан, Польша, Қазақстан, Қытай, Ресей, АҚШ, Үндістан, Беларус елінің ақшаларыда бар.

         Жиналып жатқан дүниелерді тек сақтап қана қоймай, бұл ақшаның шығу тарихы туралы мағлұматтардыда жинастырып жүрмін. Келешекте бонистикаға қатысты қазақ тілінде кітап шығару ойымда бар, сол кездері қажет болар. Көрші Ресей елінде ақша жинаушыларды қолдап-қуаттап, елге танытып жатыр. Бізде бұл сала әлі дамымаған, жоқтың қасы... Сондықтанда келешекте қазақ бонистикасын әлемге болмасада, ТМД аумағында танытсам деймін. Бәрі арман ғой, уақытында көре жатармыз...

         Ұмытып барада екенмін, жақында хоббиім бойынша «Таңшолпан» (ҚҰА) бағдаламасына шақырту алған едім. Жуық арада телеэкраннанда көріп қаларсыздар...

... Сосын, өлең жазғанды ұнатамын. Бірақ, поэзия менің қолым емес. Өлеңімде тұзы жоқ ас секілді бір кемістік боладыда тұрады. Әу демейтін қазақ жоқ, деп жазып жүрміз. Шамамды білсемде мүшәйраға қатынасып тұрамын... 

Мақалада жазамын. Сайттардан бөлек, газет, журналдар үшінде. Шығып тұрады әйтеуір. Елдің бір қажетіне жарап жатса... Сол мақалаларым шыққан газет, журналдардың тігінділерін жинаймын. Бұлда қызығушылық қой... Айтқандай, өткенде бір байқауда жазған мақалам «Ынталандыру сыйлығын» иеленіпті. Еңбегіміздің еленіп жатқанына рахмет деймізде, басқа не айтасың...

 

Блог жазу. Блог дейтіндей блог емес. Әлемдегі ең ерекше жаңалықтарды, көріністерді қазақ тілінде алғаш болып оқырмандарға жеткізуге тырысамын. Негізінде фотосуреттер топтамасы ретінде дайындаймын. Көп уақытты алады әрине, жұмыстан қол босай бермейді. Бір уақытта massaget.kz және blogtime.kz де жариялауға әрекет етемін...

 

Жаза берсем шыға беретін сияқты. Осы жерден тоқтағаным жөн болар. Өмірдің өзі қызығушылықтар құралады ғой. Қызықпай қойғаннан сақтасын. Алға ұмтылысы бар адам, күнін бос өткізбесе керек...

 

Эстафета таяқшасын көптен бері «көрінбей» кеткен Айкона мен Ақбота Мусабеккызы на ұсынғанды жөн көрдім. Қызық-қызық қызығушылықтарын айта отырсын...



Бөлісу: