Кезексөз: Ерекше қызығушылығым

Кезексөз: Ерекше қызығушылығым
жеке
блог

Кезексөздің бір ұшын бері бұрып, маған ұсынған Ақтоты әріптесіме ең бірінші алғыс айтып, ары қарай 23 жасыма дейін қандай қызығушылығым болғанын баян етейін.

Мен үшін қызығушылық екі түрлі болып келеді. Әуелгісі әр нәрсені бір көріп қызыға салып, белгілі бір уақыт өткеннен кейін, керегіңе жарамай қалатындар болса, екіншісі, ол ішкі жан дүниеңмен сезініп, оны зерттеп көріп, қолыңмен ұстап, мүмкіндігің болса барып, одан кейін ары қарай құмарта беретін болып екіге бөлінеді. Жақсы ма, жаман ба, әйтеуір бұл екеуі де менің бойымнан жиі тбылып жатады. Қолыма қарға саңғытқандай қаражат түссе екіншісіне жетіңкіремей қалғанда, көбіне біріншісін алып қоя берем. Бірінші қызығушылығыма мынандай заттар жатады:

Телефон. Әрине телефонның жақсы болғанын қалайсың. Бірақ жаңасын алғаннан кейін ұнамай қалса тағы біреуін ойда жоқта ала саламын.

Футбол формасы. Фубол ойнауға формаларым болса да, жылына бір, болмаса оданда көп тағыда  аламын. Сосын, әр жерде қалады. Көп болғаннан кейін дұрыс қарамайды екенсің.

Түрлі аксесуарлар. Қалтамда ақша болса алдымнан қандай әдемі заттар кезіксе де ала бермін. Ол кәдеге ассын, аспасын әйтеуір сол уақыттағы қызығушылығыммен алып қоямын. Мысалы, очки, брелок, т.б

 

Ал екіншісі, бұл менің көп жылдық қызығушылығым мен мақсатыма жетуге ұмтылдыратын әрекеттер. Олардың тізебегі келесідей:

Америкаға саяхат. Ер жетіп ес жиғаннан бері Америкаға ат басын бұру көптен бергі арманым. Бұған дейін бармағанымның көптеген себебі бар. Ол өзіме ғана қатысты. Ал енді Алла бұйыртса алдағы жақын уақытта сол жаққа барып көру мақсатым тұр. Ол жақтың мәдениетін, әлеуметтік жағдайын, журналистикасын, Голивудын, Лас Вегасын зерттеп, керегімді алып, пайдалы жақтарын елімізге әкеліп керегіне жарату.

Көлік: Жігіттің сұлу әйелі мен, әдемі тұлпар болғаны жарсымды демекші, бес жылдан бері бір көлікті армандап келемін. Бұйыртса оғанда жетермін. Ол біреуге қымбат шығар, біреуге арзан шығар, ал мен үшін бұл көліктің орны ерекше. Және ол көлік туралы тыңдау мен көруден жалыққан емеспін. Көліктің маркасы ”lexus gs 300”

Адреналин: Бала күнімнен қаным тасып тұрады ма, әйтеуір бір тәуекел жасағанға қызығамын. Ол қандайда болмасын, өміріме қауіпті жағдайлар болса да жасап көргім келетін кездер болған.Сол әлі қалмай келе жатыр. Биіктен секіру, сноубордпен сырғанау, футбол ойнау, көлікті кинодағыдай жүргізу, балконнан өрмелеу, судың терең жағына бару, және қиыннан қиыстырып бірдеңеге жету.

 

Назар аударып тамашалағандарыңызға рахмет. Келесі кезексөзді Жасұлан Исакаев бауырымның жазуынан қараңыздар. Ал, Жасұлан кезек өзіңде.