Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман

Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман
жеке
блог

Ауылда 11 жыл оқып, шала қазақтанған қала өмірін көріп, құдды бір шет елде жүргендей күй кешудемін. Бұл сонда қалай болғаны? Белді, қазақ жастары армандаған жұмыс орындарына орыс тілін жетік білетін маман ғана керек. Қазақ тілі мен ағылшын тілін білетіндер басымдыққа ие болады деп жазады. Ауылда жүргенде, қала өмірі мені құшақ жая қарсы алатын шығар, мен  үлкен биіктерді бағындыратын шығармын деп ойлаушы едім. Бұл жағдай мені қанатын майыстырып тастаған бүркіттін күйіне түсірді. Әрине, мен ешкімді күнәламаймын. Бір түсінгенім қоғам қазақ жастарына ана тілінен басқа орыс және ағылшын тілдерін, әсіресе орыс тілін меңгеруді талап етеді екен. Біз мойындап, мойындамасақ та орыс тілінің күші бәрібір де постсовет елдеріне әлі де жүріп тұрғаны ащы шындық. Мен қазақпын, бұл менің елім деп айту ұшін де тілдерді жетік меңгерген, білімді тұлға болу керек екен.

Президентіміз айтпақшы: - қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман- екен. Кезінде Абай атамыз да айтқан - орыстардан үйренеріміз көп - деп. Қазақпын, ұлтымды, тілімді сүйемін, елімді көрткейткім келеді. Сол үшін де бүгіннен бастап орыс тілін жетік үйрену үшін өзімнің КҮНДЕЛІГІМДІ бастаймын. Апта сайын не бітіргенім туралы хабар беріп отырармын...........