Өзім жайлы...
Қарашы бері, халайық,
Бастайын енді сөзімді .
Назарда мұнда салайық
Таныстырам өзімді.
Мен Кеңшілік қызы Ырысгүл табиғатымен талайды тамсандырған Көкшетау өлкесінің тумасымын.Екі мың бірінші жылы отыз бірінші қазанда дүниеге келдім. 3 жасымнан бастап, әліппені қолға алдым. Сауатымды ерте ашып, соның арқасында қазір сабағым өте жақсы, құдайға шүкір.Келесі жылы, алла, қаласа 9 сыныптың табалдырығын аттаймын.Өзім жайлы айтарым осы.
Менің өмірлік ұстанымым:" Еңкейгенге еңкей, ол әкеңнің құлы емес, Шалқайғанға шалқай, Пайғамбардың ұлы емес." және Отаныма адал қызмет етіп, бір кірпіші болып қалану.
Сүйікті және еліктейтін тұлғам - Мұхтар Шаханов. Мұхтар Шаханов- өз поэзиясымен талайды таң қалдырған тұлға. Шындықты бетке айта білетін шыншыл адам. 21 ғасырдың кемшілігін, кем-кетігін өлеңмен өрнектеген ғажап ақын. Мұндай тұлғаға қалайша еліктемейсің, сүйсінбейсің!!!
"Хобби" дегенде барлығы кітап оқу, би билеу деп айтатыны анық.Ал менің хоббиім - өзімнің атам сыйлаған қасқа тайға міну. Ол қасқа тайға мен Құлагер деп ат қойдым. Онымен тамаша табиғатта серуендеуді мен өте жақсы көрем. Міне, менің хообиім!!!
Мен бос уақытымда Мұхтар Шахановтың өлеңдерін оқығанды жақсы көрем. Жәнеде өзімнің сүйікті сайтым " Massaget.kz-тегі" қызықты ақпараттарды оқимын.
Байқауға қатысқым келген себебім, мен журналист болғым келеді. Сол үшінде осы сайтта мақала жазып, қаламымды ұштағым келеді.
Массагет порталында осындай байқаулар көп болса екен. Тағыда фотографтар, ақындар сайысы болса қуана-қуана қатыса едім.
Бір ғана сөз айтқым келеді байқау - керемет!!!Массагетпен мақсатыма жететініме ссенімдімін!!!