Қазақтың ерке қызымын (Байқау)
блог
Менің аты-жөнім – Юлдашева Назима Жұмамұратқызы. 2001 жылы қыркүйек айының 23 жұлдызында Алматы облысы, Іле ауданы, Ақши ауылында дүниеге келдім. №41 Тоқаш Бокин атындағы орта мектептің 9-сыныбын аяқтадым.
Өмірлік ұстанымым: Бәрі өз уақытымен, тек төзе біл. Асығыстықпен шалыс баспауды қалаймын. Уақыт бәріне емші.
“Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас
Үйретуден балаға.” – деп, Абай атамыз айтқандай, көптеген мамандықтар арасынан ұстаздықты жаныма жақын тұтып, өмірлік мақсатым еттім. Еліміздің болашағы балаларға ағылшын тілін үйретіп, жақсылыққа баулитын ұстаз болу арманым.
Нақты еіктейтін тұлғам жоқ. Менің ойымша, әрбір ерекше тұлғаның тек жақсы қасиетін өзіміздің бойымызға сіңіріп үйренсек сол да дұрыс деп білемін.
Бос уақытымда музыка тыңдағанды және серуендегенді ұнатамын.
Спорт – денсаулық кепілі. Спортты жақсы көрмейтін адам кем де кем шығар. Мен де спортты жақсы көремін. Жүгіруге қатысамын және қазақ халқының ұлттық ойындырының бірі тоғызқұмалақ ойнағанды жақсы көремін. Сонымен қатар, бимен де айналысамын. “Мақсатыңа Массагетпен бірге жет” байқауының басталғанына өте қуаныштымын! Мен бұл байқаудың басталуын асыға күткен едім. Байқау жазғы маусымда оқушылардың уакытын тиміді пайдалануға, алға мақсат қойып, сол мақсатқа жетуге баулиды. Бұл байқаудың бізге берері коп.
“Мақсатыңа Массагетпен бірге жет” байқауын ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Сіздерге зор денсаулық пен табыс тілеймін! Ал қатысушыларға алға қойған мақсаттарыңызға жетулеріңізді тілеймін!
“Кен” тобы тек – қана алға!