Журналист болғым келеді....
блог
Мен Дәрібекқызы Даяна Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназияның 11"Ә" сынып оқушысымын. Үйімнің кенжесімін,еркесімін. Ата-анам мені бетімнен қақпай өсірді.Осы күнге дейін(алдағы уақытта да) қалағанымды алып берді,бар арманымды орындады.Енді міне,мен өз арманымды өзім орындаудамын. Менің арманым-журналист болу.Ол арманымды тек өзім ғана орындай аламын. Себебі , бұл арманға жетер жолда арман иесінің күші ғана керек екендігін жақсы білемін. Ата-анам арманымды басқа сұраған заттарым секілді сатып алып бере алмайды. Өйткені,бұл- арман.
Қазіргі таңда ҰБТ -мен қатар журналист болуға да дайындалудамын.Өзімнің сөз саптауымды дамытып, журналисттерге не қажет екендігін көріп-біліп жатырмын.Бір білгенім-журналист болу үшін еш нәрседен қорықпау керек екен. Себебі,өмір-ақ пен қарадан тұрады. Бірде жолың болса, бірде болмауы да әбден мүмкін. Сондықтан да,осы мамандыққа жетер жолда алдыңнан шыққан кедергілерге қайырылып қарамау керек. Журналисттердің жұмысы ауыр екендігін де жақсы білемін. Бірақ,мені бұл жайт та алаңдатпайды.Мен үшін ең маңыздысы-арманыма қол жеткізу. Менің осы қайсарлығымның арқасында менің арманыма жетуіме 1-2 қадам ғана қалғанын байқамай да қалыппын.
Құрметті оқырман! Егер сен де ерекше жаратылған жандардың (журналист)қатарына қосылғың келсе,ешқандай қиындыққа қарама. Себебі,сен өз қателіктеріңнен сабақ ала білуің керек!
p.s: Дәрібекқызы Даяна (болашақ журналисттен :) )