Журналист болғым келеді

   Күнделікті өмірде адамдардың бір-бірімен орнатқан қарым-қатынасы сәлеммен басталады емес пе?! Ендеше менде, алғаш рет блог ашып отырғандықтан "Сәлем!" деп бастайын. Артық болмас...

    Бала күнімнен бері алдыма "журналист боламын!"деген мақсат қойған едім. Арманым адастырмай, ақыры осы мамандыққа алып келді. Аллаға шүкір, қазір білім алып жатырмын. Болашақта "мықты журналисттердің бірі боламын" деп отырмын енді))) Әрине, талмай оқып, аянбай еңбет етуге тырысамын. Алдыма қойған мақсатымның орындалуы үшін, осы бір блогтың титтей де болса пайдасы тиеді деген ойдамын. Себебі, мен үшін бұл үлкен тәжірибе болмақ. Қысқасы, жазбаларымды оқи жүріңіздер, құрметті оқырман! Қандай болса да, пікірлеріңіздің барлығын оқуға дайынмын! 

 



Бөлісу: