Журналист болам

Журналист болам
жеке
блог

Массагеттіктердің дені журналист болам дегендер яки жазмыштың әсеінен бола алмай қалғандар екенін аңғардым. Соның ішінде бірінші топтың жазбаларына қанық боп, біразының бұл шешімге "бүгін" келгенін аңғардым. Сіздерде журналистикаға деген махаббат қалай туындады?

 Алланың қалауымен, биыл мектеп бітіргелі отырмын. Алда үлкен таңдау тұр. Түлек атаулыға қиындық тудырып тұрған да осы.Алайда, дәл сол қиындық мені айналып өткендей. Себебі, "Таңдау жаса" деп қыспаққа алған ешкім жоқ. 

  Бала жасымнан қолыма кремді алып ап, микрофон қылып айналамда болып жатқан бар жайтты жариялап өзімше "репортаж" жасап тұратынмын. Алайда ол кезде, мұның бәрі тек бала Айшолпанның қиялы ғана болатын. Бүгінде ол - нақты мақсатқа негізделген асқақ арман. 

  Иә, мен бұл мамандыққа әлдеқашан ғашық болғам. Ол ғашықтық күннен күнге еселене түспесе, сірә сейілер емес. Сейілгенін қаламас та едім. Себебі шын махаббатпен жасалған дүние үлкен табыстың кілті екеніне сенемін.Ал, менің түсінігімдегі журналисттің басты мақсаты - өз саласында жемісті еңбек еткені, өзгеше өң бере білгені.