Жүректегі жара

Жүректегі жара
жеке
блог

Міне 18 күннен кейін 25-ке де келемін, қазіргі күніме Аллаға мында бір шүкіршілік етемін. Артыма үніліп қарасам, сол 24 жылда менің өмірімде қуанышты сәттерімде аз болмапты. Балалық шағымыз дөңнен шаңғы тебумен, футбол қызыл ту, сияқты ойындарды ойнап өскеніме қуанамын. Бір арманым болатын ол ата-анамды өскесін қыдыртып демалысқа жіберемін, көргендері қор-мал, күйбен тіршілік бізді өсіріп жеткізу.

Міне 10 бітіріп әкем  Петропавлдағы М.Жұмабаев атыңдағы колледжге мені жетектеп апарды, иа көбіне аналар апарады гой дерсіздер, мені анам 9-сыныптан кейін медбике бол деп медколледжге апарған болатын, бірақ 1 бал грантқа жетпеді, сондықтан осы жолы әкем өзім апарам деді. Осы жолы мені әкем ақпараттық жүйе факультетіне берді, жолымыз болды грантқа да өттім, оқуымда ұнады. Жатақханаға әкем орналастырып қасымдағы үлкен курстағы қыздарға тапсырып кетті, иа әкем менің алтын адам еді. 2 курста жазғы каникулға ауылға келдім, қатты жұмыс істеп өзім ақша тапқым келді, барлығы жасыл ел бағдарламасы бойынша жұмыс жасап жатты, анама айттым.

Анам екеуміз аудан орталығына келдік,  жасыл ел штабына барып мен жұмыс істегім келетінін айттым, анам қасымда. Бастық ағай маған қарап орысшаға қалайсын деді, мен еркін сойлеймін дедім. Содан соң ол кісі орысшадан-қазақшаға аударма жасай аласын ба-деді, мен әрине-дедім. Содан мені ауданның орталығына аудармашы етіп орналастырды. Айналамда орыстар, мені ұната қоймады, 1 күнге де шыдамайсын деді. Мән бермей тапсырмаларын орындай бердім. Бірте-бірте бәрімен тіл табысып кеттім.

Сенбі болғандықтан үйге жиналдым, ауылға келдім. Осы күн, осы 2009 жылдың 18 шілдесі мен үшін ең ауыр күн болатынын сезбедім, дәл осы күні бір мезетте әкемнен айырылып қалатынын мен сезбедім. Әкеммен сол соңғы рет сойлескенімді де сезбей қалдым. Дәл осы жылдан бастап менің өмірім өзгеретінің де сезбедім. Қалай ес жиғанымды білмедім, тек анамның айтқаны есімде жылай берме жылау жылауды шақырады ештене істей алмайсын, әкен о дүниеде қиналып кетеді жылама дегені ғана есімде. Бұл жылдары каникулым қалай өткенінде сезбедім. Ағам осы жылы жоғары оқу орынға түсу керек те, дәл әкем қайтатын күні емттиханы еді, інім қателеспесем 8 сыныпта еді. 

Сөйтіп каникул бітті оқуға келдім осы жылы түндерім жастық астында жылаумен өтті. Күнде түнде комнатанын жарығы өшкеннен кейін әкемнің сұп-суық болып қатып жатқаны, әкесіз қалғаным есіме түсіп жылайтынмын. Қалай ғана біз әкесіз өмір сүреміз? Не боламыз? Қалай ол әкесіз? Кім мені еркелетеді? Ағам ренжітсе енді кімге айтам? Тағы осындай мұң сұрақ

Қазірде көзіме жас келуде, жалғасын басқа күні жазармын.