Жүрегімнің жүрегі

Жүрегімнің жүрегі
жеке
блог

 9-сынып. Менің санамда мамандық жайлы ойлардың ең алғашқы шуақтары көріне бастаған уақыт. Таңдау еркіндігі, талант, бейімділік, құштарлық. Осыларды сәйкестендіре отырып, жүрегім қалаған саланы таңдауға бел буған сәт әлі есімде. Болашағым жайлы сұраққа алғаш рет "журналист" сөзімен жауап қатқаным дәл қазір де көз алдымда тұрғандай.  

 Неге шырғалаң жолды журналистика? Мен бұл сұраққа берер жауабымды тура екі жыл бұрын тапқанмын. Өзімді күнделікті салалардың шырмауына бергім келмей, ерекше, жалынды журналистикамен байланыстырғым келетінін түсіндім. "Мамандықты дұрыс таңдау-ол өмір жолының сәттілігінің негізі",-деп Эвальд Зеер айтқандай, мен бұл таңдауда қателесуге хақым жоқ екенін білемін. 
 Журналистика-жұртты аузына қаратып сөйлеу шеберлігімен қатар, қажырлы, ұзақ жұмыс пен еңбекті қажет ететін сала. Мүмкін менің талантым жоқ та шығар, бірақ мен талмай тер төгуге бекінген жанмын. Қайткенмен, сәттіліктің формуласы-1% талант, 99% еңбек қой. Олай болса, неге шынымен байқап көрмеске? Арманымды шындыққа айналдыру жолында мен ештеңеден тайынбаспын! 
 Менің еңбек атты ұзақ сапарды бастағым келетін білім ордасы-Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. Жылдар бойы өз түлектеріне үлкен өмірге ұстаздық еткен бұл университеттің мен үшін маңызы ерекше. ҚазҰУ-жүрегімнің жүрегі. Ең маңызды себеп-бұл оқу орнын мен үлгі тұтатын Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед бітіріп шыққан. Елінің өміріне белсене араласып, айтарлықтай үлесін қосып жүрген арлы азаматтарды дайындап шығаратын университетті неге сүймеске? 
 Арманыңа, қиялыңа ерік бергенге не жетсін, шіркін! Кей уақытта еліміздің атақты журналисттерімен әріптес болатынымды елестетсем, төбем көкке бір елі жетпей қалғандай күй кешемін. Жаңалық пен шындықтың жаршысы болып, Қазақстаныма аз да болса көмегім тисе, менен бақытты қандай жан болсын, сірә?!


 https://massaget.kz/blogs/ozim_turalyi/24418/ -менің алғашқы парақшам.