Жігерлену

Жігерлену
жеке
блог

  Жігерлену

 Бүгін мен өте керемет мақала оқыдым. Білесіздер ме, ол мақаланы оқыған соң менде ерекше бір сенім мен күш пайда болды. Өзімнің алға жылжу керек екенімді түсіндім. Уақытымды жай өткізбей тынбай еңбек етуге тиіспін. Мақсатыма жету үшін қажырлы еңбектің қажет екенін ұғындым. Енді өз-өзімді қолға алып “қолымнан келмейді ” деген сөзді ұмытамын. Білмесем сұраймын, құласам қайта тұрып тырысамын, соңғы мүмкіндігім қалғанша күресті жалғастыра беремін. Мен енді өзіме сенемін және өзімді қатты мақтамайтын, керісінше өз-өзімнен көп қателік іздей беретін боламын. Қазір жазуға аса шебер адам емеспін, бірақ жазып-жазып шыңдалатыныма сенемін. Міндетті түрде арманым үшін алға жылжитын боламын. Сонша жеңіліс жетеді, енді жеңілмеуге, уақытымды тиымды пайдалануға тырысамын. Күнде бір, не бірнеше мақала жазып отырамын деп уәде беремін. Жаза беремін және ең алғашқы интервюмды да алатын боламын. Жетеді осыншы бос жүрдім енді жыйналу қажет.  Ең бірінші әкемнің үмітін ақтауға тиіспін. Әкемнің жүзін жерге қаратпауым керек. Қалайда арманыма жетуге міндеттімін, әкеме жүк болмай тырысуым керек. Жалғыз тәңірім мені қолдаса ақыл беріп, білімімді арттырса екен соның өзі маған ерекше күш берер еді.