Инстаграмға не үшін кіремін?

Инстаграм мен үшін жәй ғана лайк басып, лайк жинайтын орта емес, ол - ең бірінші мені көпшілікке танытып, әлеуметтік желі арқылы көрген адаммен шынайы өмірде оңай араласып кетудің тиімді жолы. Бұл жерде отыру арқылы мен кең көлемде танылуды жоспарламасам да, өзімнің белгілі бір достарымның арасында ат қалыптастыруды жөн деп санаймын.


Сосын инстаграм маған түрлі идеяларды ойлап табуға көмектеседі. Мысалы әртүрлі суретке әртүрлі ат ойлап табасың, фотоға түскенде қандай әдемі фондарда түсуге болатынын көресің, және біреуден көшіргендей бірдеңе жасап жатырмын ба, болмаса олар менен көшіріп жатырма соған көз жеткіземін.

Инстадағы тағы бір жайт ол - сенсация, түрлі шоулар, қызықты видеолар мен адамның ойына келмейтін қылықтар. Сондықтан сіз инстаға кірген кезде неге кірдім, не алам, не берем, не істеу керек деп кірсеңіз сіз әлеуметтің желідегі ортаңызда да, сыртқы айналаңызда да жақсы келе жатқаныңызды түсінесіз.   



Бөлісу: