18-ақпан күні Академик Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Филология факультетінің ұйымдастыруымен өткен "Филология аруы-2016" қыз сыны байқауы өтті.
Байқау мақсаты-халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлерін,әдет-ғұрпын,ұлттық киім үлгілерін насихаттау,әр кафедралар арасында қарым-қатынасты нығайту.
"Филология аруы-2016" байқауында бұрымды 6 ару 5шарт бойынша бақ сынасып сайысты:
-"Сәлем сөздің атасы" бейнероликпен өзін,факультетін таныстыру;
-Салт дәстүр,әдет-ғұрыпқа қатысты "Сұрақ-жауап" сайысы;
-"Өз өнерін көрсету";
-Қазақ салт-дәстүрлерінен көрініс көрсету;
-Қазіргі заманға сай сәнді көйлектермен "Сән көрсетілім"
Сайыс өте қызықты өтті.Өзім 6 арудың бірі болдым,журналистика кафедрасынан.Тартысқа толы болған сайыс қорытындысы бойынша "Филология аруы-2016" 1курс студенті Салтанат Таңшолпан.Яғни өзім атандым!!!Келесі жылға "Университет аруына" жолдама алдым.