Әдетте, біз донор деген құпия сөзін, біздің туысқандар, жақын достарымыз, тіпті интернет желілерінде кездесетін бөтен адамдарға қан қажет болғанда кездестіреміз. Көп жағдайда, адамдар сондай хабарды коргенде көз қырын салмай, мән бермей, жай ғана өтіп кетеді. Бұл әдетті бірнеше себептермен түсіндіруге болады. Ең басты себептердің бірі, ол, донорлықтың айналсында жылдар бойы туындаған, көптеген жалған мифтер мен стереотиптер болады. Біреулер, ол денсаулыққа жағымсыз әсер тигізеді деп санайды, басқалары, қан тапсыру рәсімдері кезінде инфекцияны жұқтырудан қорқады. Алайда, бұл көпшіліктің ойлағанынан әлдеқайда қауіпсіз және оңайырақ. Сонымен, "Мен қан тапсыруым қажет пе және қалай тапсырсам болады?" - деген сұраққа, мен өзімнің донорлық кішкене ғана тәжірибиеме сүйене отырып, осы блогта жауап бергім келеді.
Алдымен, біз, қан тапсырғысы келген адамға өз мақсатына жету үшін қандай қадамдарды жасау керек екені туралы сөз қозғайық.
Жаңа салынған Астана қаласында бірнеше қан тапсыру орталықтарын кездестіруге болады, бірақ, оның ең жақын орналасқаны ол "Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы".
Орналасқан көшесі: Керей мен Жанібек, 10.
Жұмыс уақыты: дүйсенбі және жұма аралығында 8:30 - 17:00.
Хабарласатын телефондар: 8 (7172) 57-04-14, 8 (7172) 57-04-34, 8 (7172) 54-33-00.
Қан тапсыру орталығына келгеннен кейн, бірінші, қан тапсырушылар қысқа ғана сауалнаманы толтыруы тиіс. Ол сауалнаманың ішінде өзің туралы басты ақпарат және денсаулық жағдайы туралы бірнеше сұрақтар қойылады. Одан кейін, сізді қан анализін тапсыруға жібереді. Жалпы айтқанда, жасы 18-ден асқан, дені сау, төлқұжаты бар кез келген Қазақстан азаматы донор бола алады. Ерлер жылына 5 рет, әйелдер 4 рет қан тапсыра алады.
Адам саусағынан анализге кішкене ғана қан алынады. Бұл, оның қан құрамындағы гемоглобин, алкоголь және тағы басқа элементтердің зат мөлшерін тексеруге арналған. Одан басқа, қан кысымын тексереді. Егер, барлық көрсеткіштері нормаға сай болса, оны келесі қадамға жібереді.
Қан тапсыру рәсімінің алдында кез келген адам міндетті турде тәтті шәй ішуі қажет.
Трансфузиалық залға кіргеннен кейн, қан тапсырушы кез келген бос орынға отыра алады.
Қан тапсыру рәсімі орташа 5 - 10 минут уақыт көлемін алады. Әр келуші адам 450 миллилитр қан тапсуруы қажет.
Қанның өзін тапсырудан басқа, қан плазмасының доноры болуыңыз мүмкін. Ол кезде, адамнан тек қана биологиялық сұйықтықты алады, ал оның қаны денеге қайтадан құйылады. Плазма тапсыру рәсімінің өзі орташа 30 - 40 минут көлемінде уақыт алады.
Қан тапсыру рәсімі кезінде, қан тапсырушыға жоғары деңгейлі дәрігерлер қарап отырады.
Қан тапсыру рәсімі кезінде іш пыспас үшін, бөлме ішінде орналасқан бірнеше теледидалардан сүйікті сериалдарды қараса болады.
Қанды тапсырғаннан кейн, ол көптеген тестілеулерден өтеді. Егер, тапсырған адам қанынан бөтен инфекцияларды тауып алса, мысалы, ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы), ол адам міндетті түрде хабарландырылады.
Барлық рәсімдерді бітіргеннен кейн, сізді кішкене ғана сыйлықпен марапаттайды!!!
Әдетте қалыпқа келу көп уақытты қажет етпейді. Алайда қанды тапсырғаннан кейінгі бір тәулік бойы ауыр физикалық және спорттық жүктемеден бас тарту керек. Одан басқа, дұрыс тамақтану, кемінде 1-2 литр сұйықтықты ішу қажет. Одан әрі, қалыпты өмір сүре беруге болады. Қанның жасушалық құрамы, қан тапсырған кейінгі 1-2 аптаның ішінде толық қалпына келеді.
Қан тапсыру денсаулыққа зиян ба?
Тұрақты түрде қан тапсыратын адамдар қан тапсырмайтын адамдарға қарағанда инфарктпен 10 есе сирек ауырады. Қан тапсыру арқылы, сіз жүрек-қантамырлары жүйесін бекітесіз және ағзаның өзіндік жаңартылу қызметін қосасыз. Тұрақты түрде қан тапсыратын донорлар әдеттегі адамдармен салыстырғанда 5-8 жыл көп өмір сүреді және апаттар кезінде қан жоғалтудан неғұрлым шыдамды болып келеді. Қан тапсыру иммундық және тамақ қорыту жүйелері, ұйқы безі және бауыр аурулары, сондай-ақ атеросклероздың профилактикасы үшін керек. Ағзадан артық қанды шығара отырып, сіз ішкі мүшелеріңізді жеңілдетесіз. Осыған қоса, кандағы темірдің мөлшері жоғары болуы ағзаға зияның келтіреді, ал қан тапсыру арқылы темір құрамын азайтуға болады.
Қан - тіршіліктің тірегі. Донордың берген қаны екінші бір адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін. Сондықтан донор болу - әр адамның азаматтық парызы.