Болашаққа сеніммен...

Салеметсіздер ме, Massaget оқырмандары!!! Сіздермен бірге мен  Жансая Мырзабаева. Қатты қобалжып тұрмын... Бұл мақала менің алғашқы əлеуметтік сайттағы дебюттік шығарылымым. Алдағы уақытта, көптеген тақырыптар қозғайтын  боламын. Мен кəсіби жүрналист – блогер емеспін (Бірақ болашақта боламын, бұйыртса! Дəл қазір 2-курс білімгерімін, мамандығым "құрт-құмырсқалардың бастығы", яғни,  ҒЫЛЫМИ БИОЛОГИЯ. Иə, иə дұрыс ойлап отырсыз. Біз ғой бақа, кептер, тышқан, жылан,қояндарды сойып, ішіне зерттеу жүргізетін.  Негізі, мамандығымды "аса қатты ұнатамын, өзіме ұнайды" деп айтпаған нəрсемді айттым демей-ақ қояиын. Шыны керек, мамандықты  қатты ойланып таңдау керек екен. Ал мен қателік жібердім, жоқ кінə өзімнен! ҰБТ- деген   шіркін мамандығымызды өзгертіп жіберді гой. Өмірде ең жаманы ұнатпаған істерді, ұнатпаған қадамға бару... Кейде ойлаймын, мен бос нəрселерді армандаппын гой, армандар орындалады дегенге сенімсіздікпен қараймын. Өз армандаған,өзі қалаған салада жүрмеген жанның ішкі күйін мен жақсы жоқ, өте жақсы түсінемін. Үмітсіз шайтан демекші, мүмкін меніңде арманым болашақта, яки  1 жылдан соң, не болмаса 1 айдан соң орындалып қалар. Ең бастысы арманның сағы сынғанмен, үміттің оты лаулап тұр.

Енді, жоспарым бойынша  алдағы уақыттағы посттарымды əртүрлі мамандықтарға, сол саланың қыр-сырын, қызығымен-шыжығына арнайын деп шештім. Бір жағынан əлі мамандығына тұрақсыз жастарға көмек болсын!РАҚМЕТ!

P/S: Алғашқы болып қай мамандық туралы білгіңіз келеді? Пікірлеріңізді жаза отырыңыздар)



Бөлісу: