Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл басындағы халыққа жолдауы Қазақстан үшін үшінші жаңғырудың басталғанын білдіреді. Қазақстан халқының қазіргі мақсаты - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Осыған орай, халықтың санасын ояту мақсатында рухани жаңғыру қолға алынды. "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламаның басты шарты - болашаққа талпыну, бәсекеге қабілетті болатындай ұрпақ тәрбиелеу.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Анипина Алия Кәркенқызы 21 сәуірде 423 аудиторияда 3 курс студенттерімен елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламасын талқылады. Осы бағдарламаға орай қытайтану кафедрасында оқып жатқан студенттердің ұлттық санасын ояту мақсатында мықты әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам баспақпыз, бұқаралық сананы қалай өзгертеміз деген сұрақтарға кафедра профессоры Сапанов С. жауап берді.
Талқылау соңында студентттер оқытушылармен бірге "Қазақ хандығы" фильмін тамашалады.
Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Анипина А.К.