Білімді ұрпақ-ертеңгі болашақ

Қазіргі таңдағы жаңа бастамалар мен өзгерістер білім саласындағы жетістіктерге әкеліп соқты. Қазіргі қалыптасқан жаңа білім-беру методикасы мен әлеуметтік-қоғамдық бастамалар жасалып жатыр. Ел приезиденті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа жолдауында техникалық бағыттағы мамандарды даярлау, қазіргі уақыттың маңызды мәселесіне айналды. Ақпараттық-технологиялар заманында әрбір елдің өзіндік білім-бері даму стратегиясында, техникалық және ақпараттық сала бойынша мамандарға ерекше көңіл бөледі. Болашақтың негізгі тұжырымдамасын құрушылар да осы трансконтиненталды компаниялар: Tesla,Google,Microsoft және т.б. техникалық прогресстің жоғарғы көрінісін көрсетіп келеді.
Бұл орайда отандық білім саласындағы қалыптасқан жағдаяттар негізінде,жаңа оқу жылынан бастап кәсіптік және техникалық бағыттағы білім беретін оқу орындарына мемлекеттік грант көлемін ұлғайту жұмысы өз бастауын алды. Осы негізде ҚазБСҚА жанындағы "Сәулет және құрылыс" колледжі болашақ білім алушылар бүшін таптырмас оқу орыны болып табылады. Колледж табалдырығындағы техникалық және лабораториялық-зерттеу жұмыстар бойынша керекті базасы жабдықталып, қазіргі заманауи білім-беру стандарттары бойынша жұмысын жасайды. Қазіргі кездегі республикада қалыптасқан білім-беру саласындағы негізгі басымдықтар бойынша "техникалық және кәсіптік білім беру" бағыты бойынша, колледж толыққанды стандарттар негізінде сәйкес келеді. Алдағы уақыттағы колледждің негізгі мақстатары мен міндеттері бойынша жүргізілетін жұмыстар, болашақ білім алушылар үшін жаңа бастамаларға толы болатыны анық.



Бөлісу: