Би туралы

Уақыт демекші...көзді ашып-жұмағанша өтіп бара жатыр, өтіп бара жатыр!!! Шіркін...бәріне де үлгергін келеді... Тек Аллах Тағала қолдау арқылы, ата-анаңның  батасын алып жүріп, барлығына үлгеруге болады. Жасым 27 ден 28 - ге асып барады, айналамдағылардың айтатыны сол: "Қашан куйеуге шығасын?" ))

Кезінде жыным келетін, тіпті өкпелейтінді шығардым. Уақыт өте келе, оны да қойдым. Уақыт өте келе, ақыл да тоқтайды екен. Көп мәселені эмоциямен емес, басқаша қабылдайды екенсін. Әрине осындай нәтижелерге жеткізіп отыратын ол - кітаптар, психологиялық тренингтер, аудиокітаптар т.с.с. керекті ақапараттар. Өз-өзінді қолға алу қиын екен. Себебі, басқаға кеңес бергенде, сізден және бізден асқан "советчик" - жоқ!) Шынайы келгенде, барлық нәрсе өзіне байланысты! Жауапркершілікті толығымен алу, жамандыкка бармау, біреуді жамандамау, қиянат көрсетпеу, өсектемеу тағы да сол сияқты нәрселерден аулақ жүру керек! Жақсы өмір сүрудің құпиясының бірі сол. Яғни, өз-өзіне әрқашанада жауапты болу деген сөз!

Кей-кейде өзімнің де дисбалансқа ұшырайтын кезеңдерім болады. Сонын өзін Құдай Тағаланың сынағы ретінде қабылдай жүрем. Лезде шешімдер іздеп, табылмайтын жағдайда, өзіме-өзім сұрақ қою арқылы жауапты қайтсем де тауып аламын. Оған да шүкір!!! Би туралы жазам деп едім, басқа жаққа бұрып кеттім! ))) 



Бөлісу: